«Бір ауыз сөз» әдісі.
Оқушылар стикерлерге сабақ туралы бір ғана сөз жазып, оны тақтаға жапсырады. Өз ойларын
түсіндіріп береді. Стикерлерге сабақты бағалайтын келесі сөздерді жазуға болады (оларды алдын-
ала тақтаға жазып қойған дұрыс): ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым,
ұмтылдым, есте сақтадым т.б
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды
болуын қадағалайды.
Сыныптан шығу билеті
Оқушыларға сабақ тақырыбына қатысты сұрақтар жазылған билет таратылады. Олар қойылған
сұрақтарға жауап жазып, сыныптар шығар алдында мұғалімге тапсырады.
Мысалы:
1-билет
- Хотспот деген не? Оның қызметі не?
2-билет
- Бір хотспотқа бірнеше панораманы жатқызуға бола ма?
3-билет
- Турдың бастапқы көрінісі қалай аталады?
.
Үй тапсырмасы
Мектептің бір бөлмесінің сфералық панорамасын жасаңдар.