Сабақтың тақырыбы Мектеп ережелері. Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



Дата21.06.2023
өлшемі60,25 Kb.
#102774
түріСабақ
Байланысты:
ҮЛГІ САБАК 1-2 сынып Менің мектебім Мектеп ережелері




Бөлім:

Менің мектебім

Мұғалімнің аты-жөні




Күні:




Сынып: 1,2

Қатысушылар саны: 1 – 5
2 - 7



Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы

Мектеп ережелері.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

1.1.2.3 мектептегі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіру

2.1.2.3 Мектеп қоғамдастығындағы ұжымдық, топтық және тұлғааралық мінез-құлық нормаларын түсіндіру

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Мектептегі тәртіп ережелерді біледі.
Көптеген оқушылар: Мектептегі тәртіп ережелерді сақтауды біледі.
Кейбір оқушылар: мектептегі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсінеді

Барлық оқушылар: мектептегі, сыныптағы ережелер, сыныптастарымен қарым-қатынасы туралы әңгімелейді.
Көптеген оқушылар: мектеп ережесін сақтау жолдарын талдайды.
Кейбір оқушылар: мектеп ережесін сақтаудың маңыздылығын дәлелдеп, қорытынды жасайды.

Бағалау критерийлері

  • мектептегі тәртіп ережелерін біледі;;

  • тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығы түсінеді.

Сөздік қор

Пәнге қатысты лексика мен терминология: ереже, ынтымақтастық қарым-қатынас, ымыра, ауызбіршілік, қағидат, тұжырым.


Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіркестер:


Талқылауға ұсынылатын сұрақтар: Қандай ережелерді қолданғанымыз жөн? Барлығы белгілі бір ережелерге бағынып жүргендеріне қалай көз жеткізе аламыз? Мектепке қандай затты апаруға болмайды?

Ойлау деңгейлерінің дағдылары

Білу, түсіну, қолдану

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың бірін-бірі сыйлау, құрметтеу дағдыларын дамыту

Пәнаралық байланыс

Сауат ашу, жаратылыстану, дене шынықтыру




АКТ қолдану дағдылары

(видеороликтер көрсету)




Бастапқы білім

Оқушылар мектеп өмірімен таныс. Оқушының қарапайым түрде мектеп өмірінің бір күнгі күн тәртібін,үйдегі күндерінің уақыт графигін құруға тәжірибесі бар.

Сабақ барысы

Сабақтың
жоспарланған
кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

1 сынып

2 сынып

Сабақтың басы
5 мин

ҰЖ: «Бейне көрсетілім» әдісі (ОМ анықтау мақсатында)
Бақылау: « Бірге ойланайық! » тәсілі арқылы зерттеу жүргізу -видеоролик не туралы? -сабақ аралық үзіліс кезі
-бұл видеодан оқушылардың қандай әрекеттерін байқадыңдар?(оқушы жауабы)
-олардың қайсысы тәртіп сақтамады? -осындай жағымсыз жағдайлар болмас үшін бізге не керек деп ойлайсыңдар? (Ереже)
-олай болса ереже деген не деп ойлайсыңдар?
Жаңа тұжырым қалыптастыру: Мектеп біздің ортақ үйіміз. Мектептің өз ережелері бар.

«Ребус» әдісі арқылы бүгінгі өтілетін тақырыпқа кірігу. Берілген ребусты шешіп көр.
-Ереже деген не?
-Ереже не үшін керек?
-Сендер қандай ережеге бағынасыңдар?
-Мектепте ереже не үшін қажет?
- Ендеше бүгінгі сабақта не туралы білетін боламыз?

Бейнежазба

Үнтаспа

Үлестірмелі материал

Ребус


Сабақтың ортасы – 15 мин.

ТЖ: «Ойлан! Бөліс! Бірік! » тәсілі ( Саралау мақсатында) (Жаңа тақырыпты меңгергендігін бекіту) ·
Сынып ережелерін құрастыр.
· Басты деген ережелерді таңда · Мектеп ережесінің маңыздылығын түсіндір. Топаралық бағалау: «Екі керемет, бір әттеген-ай!»
ЖЖ: Біз неліктен бір-бірімізді тыңдауға,басқаның сөзін бөлмеуге тиіспіз?
· Мектеп ережесі туралы ой бөліседі.



Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі арқылы жүзеге асады.
А) Сынып ережесін құрастыр.
Мәтінді түсініп оқы.
Ә) «Тәртіп бар жерде тәрбие бар» деген мақалдың мағынасын түсіндір.
Б) Сұрақтарға жауап бер:
-Оқушының сабаққа кешікпей келуі де жауапкершілікке жатады. Сен күнделікті осы ережені сақтап жүрсің бе?
-Партада қалай дұрыс отыру керек?
-Сабақ кезінде басқа іспен айналысу білім алуға кедергі келтіре ме? Қалай ойлайсың?
-Оқушы мектепке келгенде ең алдымен не істеуі керек?
-Қандай заттарды мектепке алып келуге болмайды?
-Қандай белгі сабақтың басталғанын білдіреді?
-Сабаққа кіруге қоңырау соғылғанда оқушы не істеуі керек?
-Мұғалім сыныпқа келген кезде не істеу керек?
Дескриптор:
-Сынып ережелерін құрады.
- Мектеп ережелері туралы әңгімелейді.
-Сұрақтарға жауап береді, өз пікірін білдіреді.
Саралау тәсілі: «Тапсырма» әдісі арқылы жүргізіледі.
Кейбір оқушыға:
-Өмір бойы білім алу не үшін қажет деп ойлайсың?

Оқулық

Мәтін


Сергіту сәті – 2 мин

Сазды әуенмен сергіту

13 мин

Өзіндік жұмыс. Сурет бойынша әңгімеле (қалыптастырушы бағалауды жүргізі мақсатынды)
1.Суретте қай балалар әрекеті дұрыс деп санайсың?

2.Белгілеңіз және түсіндіріңіз. 3.Мектептегі тәртіп туралы не айта аласыз?
Мектептегі тәртіп ережелерін сақтау маңыздылығын түсіндіру. Дескриптор: · Сурет бойынша жағымды/жағымсыз әрекеттерді ажыратады;

(Д) 2- тапсырма «Талдау» әдісі арқылы жүреді.
А) Ұжым деген не? Сенің достарыңды ұжым деп айтуға бола ма? Себебін түсіндір.
- Ал отбасыңды ұжым деп атауға бола ма? Неліктен?
Ә) Суреттегі оқиғаларды талқыла.
-Сыныптас оқушыларды қандай оқиғалар байланыстырады?
-Сынып ұжымындағы әдептілік ережелерімен таныс.
- Бұл ережелердің қайсысын өз ісіңнен байқай аласың?
Дескриптор:
- Әдептілік ережелерін талдайды.
- Сынып ұжымы туралы әңгімелейді.

Иллюстративті сурет

Сабақтың соңы – 5 мин.

Оқушылар «Еркін микрофон» әдісі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша айтады. Кері байланыста оқушылар өз топтарының жұмысымен бірге басқа топтың да жұмыстарын бағалады және ұсыныстарын береді.

Кері байланыс: «Қол белгісі» әдісі бойынша өтеді.
Бас бармақ- өзімді қалай сезіндім?
Балан үйрек- басқаларға көмегім тиді ме?
Ортан терек- бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек- бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кішкентай бөбек- бүгін не үйрендім?
Үй тапсырмасы: Мәтінді оқып мазмұнда.




Дифференциация – оқушыларға
көбірек қолдау көрсетуді қалай
жоспарлайсыз?
Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?



Бағалау – оқушылардың
материалды меңгеру деңгейін
тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




Мектеп ережесінің
маңыздылығын түсінеді.

Топаралық бағалау,өзін-өзі бағалау,ішінара бағалау.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет