«Түркістан Болашақ» жоғары көпсалалы колледжі
Оқу сабағының жоспары Сабақтың тақырыбы: Мектепке дейінгі дене тәрбиесі сабағына кіріспе, пәннің мақсат-міндеттері
Модуль/пән атауы: Мектепке дейінгі дене тәрбиесі
Педагог Бостай Нурбина дайындады
2023 жылғы 18 қыркүйек
1. Жалпы мәліметтер
Курс, топ : 1 курс Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Лекция
2. Мақсаты, міндеттері
3. Күтілетін нәтижелер
4. Қажетті ресурстар
5. Сабақтың барысы
Дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары балалардың сан алуын іс-әрекетінің тәрбие-білім беру комплексі болып табылады, бұл іс-әрекетің негізі баланың қимыл белсенділігінен құралады. Бұл формалардың жиынтығын балалардың толық дәрежеде денесін дамыту және денсаулығын нығайту үшін қажетті белгілі бір қимыл режимін құрайды.
Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына мыналар жатады:
1) физкультура сабақтары;
2) физкультуралық-сауықтыру шаралары (ертеңгілік гимнастика, физкультминутка, дене жаттығуларымен ұштастырылған шынықтыру процедураллары);
3) балалардың дене тәрбиесіжөніндегі күнделікті жұмыс (қимыл – қозғалыс ойындары, серуендер, жекелеген балалармен және шағын топтармен дербес жұмыс істеу, дене жаттығуларының сан алуан түрлерімен өз беттерінше айналысу, мейрамдар).
Бұл формалардың барлығы бәрі дене тәрбиесінің жалпы міндеттеріне және баланың жан-жақты дамуына жауап бере отырып, өзара байланысты болады: олардың әрбірінің өзіндік арнаулы міндеттері бар, олар мектепке дейінгі мекеменің күн режиміндегі міндеттің орнын анықтайды.
Балабақшаның түрлі топтарындағы дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларының арақатынасы балалардың жасын және жеке басты-типологиялық ерекшелігін олардың дене дайындығы дәрежесін, сондай-ақ белгілі бір топтың және бүкіл мекеменің нақты жағдайын ескере отырып, тәрбие-білім беру міндетімен анықталады.
Күнделікті өмірде балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру баланың денсаулық жағдайы және күні бойғы оның психхикасы үшін қажетті режимін орындауды қамтамасыз етеді.
Балалардың дене тәрбиесі бағдарламасының сауықтыру және тәрбиелі білім беру міндеттері әр түрлі формада жүзеге асырылады: қимыл-қозғалыс ойындары, серуендеу, жекелеген балалармен және шағын топтармен жеке жұмыс істеу, дене тәрбиесі жаттығуларының және физкультура мерекесінің сан алуан түрлерімен балаларының өз беттерінше айналысуы.
Қимыл-қозғалыс ойындарын мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі қимыл әрекеті ретінде тәрбиеші әрбір жастағы топтардың режимімен сәкес күннің әр түрлі уақытына жоспарлайды.
Қимыл-қозғалыс ойындары балалардың жан-жақты дамуына жағдайды, организмді сауықтыруға көмектеседі, балалардың өмірін жаңа мазмұнмен байытады, олардың сезімін, мінез-құлқын, қоршаған ортада бағдар ұстауын, дербестігі мен шығармашылық инициативасын қалыптастыру.
Балалар мекемелерінен тысқары жерге жаяу серуендеу және экскурсия жасау балалар туризмінің ең қарапайым түрі болып табылады. Олар балалардың денсаулығын күшейтуге, дене күшін дамытуға эстетикалық қалыптастыруға, табиғатпен қатынаста болуға, қимыл дағдылары мен дене қасиетін жетілдіруге көмектеседі.
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі – дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады.
Дене тәрбиесі – жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері – адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесі процесінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады.
Ден тәрбиесі білімі – дене тәрбиесі салаларының бірі; ол арнаулы білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерді меңгеріп қамтиды.
Дене тәрбиесі мәдениеті – жалпы мәдениеттің бір бөлігі, қоғамның адам денесін жетілдіру саласында қоғамдық — тарихи практика процесінде жиналған табыстарының жиынтығы. Ден тәрбиесімәдениеті – дене тәрбиесі теориясының барлық ұғымдарының ішіндегі ең кең ұғым. Ол оғарыда қарастырылған ұғымдардың бәрінің мазмұнын қамтиды.
Дене тәрбиесі теориясы – адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым. Ол педагогикалық ғылымдар жүйесіне енеді, психологиямен және педагогикамен, спорттың жекелеген түрлерінің теориясы және методикасымен тығыз байланыста болады.
Дене тәрбиесі теориясы спорттың жекелеген түрлерінің жалпы және өзіндік заңдылықтарын спортпен айналысатындардың әр түрлі құрамындағылармен сабақтар оқу және өткізу методикасын талдап жасау кезінде ескеріп отырады. Мәселен, спорттың жекелеген түрлері бойынша жүргізілген зерттеулердің мәліметтері мектеп жасына дейінгі балалармен сабақ өткізу методикасын талдап жасауға көмектеседі.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы – коммунистік қоғамның болашақ құрылысшысы – баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары жайындағы ғылым. Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі жүйесінің жалпы идеологиялық және методологиялық негіздерінен шығады және оның бір бөлігі болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы тәрбиелеу және оқыту процесінде баланың дамуын басқарудың жалпы заңдылықтарын танып біледі.
Мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің басты міндеті — өмір қорғау және денсаулық нығайту, балалардың орғанизмін шынықтыру болып табылады.
Ал, жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай жұмыс істеуімен анықталады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясының қазіргі кездегі проблемаларын одан әрі дамыту қоғамдық өмір талаптарымен байланысты.
Өмірдің шапшаң қарқыны, ғылыми – техникалық прогресс, еңбектің алуан саласындағы сан түрлі шығармашылық іс-әрекет қабылдау, еске сақтау, ойлау процестерінің активтілігін, дәл және тез бағдарлауға және түсіп жатқан информация тудыратын реакцияға деген қабілетті талап етеді.
Осыған байланысты сәби жастан бастап балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту, мектепке және алдағы қоғамдық өмірге дер кезінде даярлаудыжүзеге асыру маңызды болып табылады7