- Мектеп ауласында гүлдер және ағаштар өседі. Спорт алаңы бар. Мектеп ауласы қоршалған. Мектеп ауласында үзіліс кезінде демаламыз.
Өз мектебіңнің ауласы туралы айт.
Мектеп ауласында не істейсіңдер?
Мектепте қоңырау не үшін соғылады?
Сурет бойынша жұмыс.
Тірек сұрақтар: Мектепте тағы кімдер қызмет етеді? Педагогтер қандай міндет атқарады?
Берілген суреттерге қарап әңгіме құрастыра білу
Бой сергіту
Ал, балалар, тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Жоғары-төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Сергіту сәтіне қосылып, қимылмен жасау
Орында
Ал, балалар, біз Айсұлуға мектепке қажетті құралдарды портфельге жинауға көмектесейік. Портфельге не саламыз? (Кітап, дәптер, қалам, қарындаш, күнделік).
Жұмыс дәптермен жұмыс жасау, тапсырманы орындау
Рефлексия
Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап қорыту. Балалардан тақтаны кез келген түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
• ештеңе түсінбедім - қызыл қарындашпен;
• түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын - сары қарындашпен;
• бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын - жасыл қарындашпен.