Қоршаған ортамен танысу сабағынан, білім алушыға арналған
№1 бағыттаушы нұсқаулық парағы
Нұсқаулық: Тапсырмалар дәптерге орындалады, суретке түсіріледі және мұғалімге қол жетімді мессенджер арқылы тексеруге жіберіледі.
Мұғалімнің Т.А.Ә.
|
Нуралина Гульбарам Егеубаевна
|
Күні:
|
04.09.20
|
Білім беру саласы:
|
«Әлеумет»
|
Пән:
|
Қоршаған ортамен танысу
|
Бөім мен бөлімше:
|
Мен және қоғам. Менің мектебім
|
Сабақтың тақырыбы
|
Мектеппен танысамыз
|
Оқыту мақсаты:
|
Мектеп қызметкерлерінің еңбегі туралы (директор, оқу бөлімінің меңгерушісі,шаруашылық меңгерушісі, мұғалім, кітапханашы, еден жуушы, аспаз, аула сыпырушы, медбике, көлік жүргізушісі) ұғымдар беру. Мектеп қызметкерлеріне сыйластық таныту.
|
Сынып:
|
Мектепалды даярлық 0 «Б» сыныбы
|
Іс-әрекет тәртібі
|
Ресурстар
(мұғалім толтырады)
|
Орындалу
(бала ата- анасының көмегімен орындайды)
|
I.Дұрыс əсерлі көңіл күй орнату.
|
Шаттық шеңбері:
Қоңырау ішке соғылды,
Сабаққа жүр, бестік ал!
Әріп те, цифр де жазылды,
Алға ұмтылып білім ал!
Көңіл күйді дұрыстап,
Ән де айтып біраз демал.
Күлкі сыйлап, қол бұлға,
Достарыңмен ұрыспа!
|
Танысқан материалды «+» белгісімен белгілеу.
|
Жауап бер
|
Қазір жылдың қай мезгілі?
Қыркүйек айында балалар қайда барады?
Балаларды мектеп ғимаратымен таныстырады.
Мынау - біздің мектеп.
Мектепте кімдер жұмыс жасайды?
Қандай ережелерді сақтаймыз?
|
Сұрақтарға жауап беру. Ережелерді есте сақтау.
|
Ойын
|
Дидактикалық ойын: «Қажетті сөзді тап»
Мақсаты: Тапқырлыққа, ойланып дұрыс, жауап беруді дамыту.
|
Ойынды ойнау кезінде дұрыс, толық жауап беру.
|
Жаңа тақырып
|
Мектеп жайлы түсіндіру.
- Мектеп - жас ұрпаққа білім, тәрбие беретін мекеме; білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты мақсаты - ҰОҚ оқыту. Оны мұғалім атқарады.
Киім шешетін жер - бірінші қабаттағы дәлізде орналасады. Оқушылар мен мектеп қызметкерлері сырт киімдерін осында іледі.
Сынып бөлмесі (кабинет) - оқушылардың ҰОҚ оқитын орны. Мұнда оқушылар отыратын парталар, мұғалімнің үстелі мен орындығы және шкафтар болады.
Спортзал - дене шынықтыру сабағы өтілетін жер. Мектептегі шешінетін жер, оқу кабинеттері, спортзал сияқты орындармен таныстырады.
Тәрбиеленушілерге мектепте өздерін қалай ұстау керектігін түсіндіру. Мектепте оқушыларға арналған ереже болатындығын, оны әрбір оқушы орындау керектігін айту.
|
Достарыңызбен бөлісу: |