836-1838 жж. Бөкей ордасында болған көтерілістің қозғаушы күші шаруалар болды.
Алғашында бұл көтеріліс шаруалар көтерілісі деп сипатталды.
«Бұл ұлт – азаттық көтеріліс еді.. Оның қозғаушы күші , сипаты, барысы, мақсат – мүддесі жөнінде мол деректер келтіріілді. Исатай Тайманов жайында бұрын айтылмай келген шындық-тардың бетін ашады»,- дейді Байтұрсын Ілияс Зұлқарнай
Махамбет Өтемісұлы (1803-1846)
Махамбет Өтемісұлы 1803 жылы Ішкі Бөкей Ордасы , қазіргі батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Нарын құмында туған.
Махамбет арабша , орысша хат таныған, араб – парсы, түрік,татар, орыс тілдерін меңгерген. Ол – ақын, шешен, батыр, күйші, жырау, қол бастаған қолбасшы, азаттық үшін күрескен , елін сүйген азамат.
Махамбет Өтемісұлы -
1836—1838 ж. И. Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы, қозғалысты ұйымдастырушы-лардың бірі. Махамбет өзі Жәңгір ханның қудалауымен екі жыл түрмеде отырып, 1831 ж. қашып шыққан. Саналы өмірін патша өкіметінің отарлық саясатын жүзеге асырушы хан-сұлтан-дарға қарсы кекті жырлар тол-ғайды, халықты күреске шақы-рады.Көтеріліс жеңіліспен аяқ-талғаннан кейін Жем, Жайық, Маңғыстау, Хиуа елдерін саға-лайды, жасақ жинап, көтерілісті жаңадан жандандыруға күш са-лады. Бұл ниеті нәтижесіз бол-ды, Бөкей ордасында қолға тү-сіп, Орынбор түрмесіне қамала-ды. Тұтқыннан босағаннан ке-йінгі өмірін Кіші жүздің батыс бөлігіндегі ел ішінде өткізеді. Бірақ, Жәңгір хан өлген соң аға сұлтан болған Баймағамбет Айшуақұлының жалдамалы-ларының қолынан 1846 жылы 20 қазанда қаза тапты. Денесі Қараой өңірінде жерленген.
Ақын шығармалары
Ел мен жер туралы өлеңдері
«Нарын»,«Нарында»,
«Адыра қалған Нарынның», «Ұлы арман», «Абайламай айрылдым», «Мен Нарыннан кеткенмін», «Қызғыш құс», «Еділ үшін егестік», «Жайықтық бойы енді су», «Баймағамбет сұлтанға айтқаны».
Достарыңызбен бөлісу: |