Берілген тірек сөздер мен жоспар негізінде қысқа монолог құрайды.
Тыңдаған материалдың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Сабақтың ортасы
(С) Айтылым+ тыңдалым алды тапсырма: Сөздермен жұмыс жүргізу: салт-дәстүр, жариялау, аумақ, ұлт өкілдері, шекара. Сөздердің мағынасын түсіндіру. Оқушы стикерді таңдап алады, онда жазылған сөзді оқып, түсіндіруге тырысады, қалған оқушылар көмектеседі. Оқушылар дәптерге, ал мұғалім тақтаға жазады.
Айтылым + тыңдалым тапсырмасы: Оқушылар екі рет бейнежазбаны тыңдайды.
Бірінші рет тыңдағанда түсінбеген жерлері бойынша сұрақтар қояды.
https://www.youtube.com/watch?v=YT8B9em7LtI
(ЖЖ)Оқушылар жұпта отырып жоспар құрайды. Әр жұп өзінің жоспарын ұсынады.
Оқушылар бірін-бірі бағалай отырып, ең үздік жоспарды тақтаға жасады.
(Ж) Оқушыларға сұрақтарды таратып беру.
Сұрақтарға жауап беру: Кеңес заманында мешіт саны қанша болды? (63)
Ақмола Астана қаласы болып қашан жарияланды? (1998)
Қазақстан аумағы бойынша әлемде нешінші орында? (9)
Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады? (130дан астам)