Сабақтың тақырыбы: «Менің құқықтарым, менің міндеттерім»



Дата24.10.2022
өлшемі32,49 Kb.
#45113
түріСабақ


Тәрбие сағаты
Сабақтың тақырыбы: «Менің құқықтарым , менің міндеттерім»
Мақсаты: Оқушыларды адамзаттың басты құндылықтарын айыра 
білуге үйрету және заң, құқық, міндет, борыш сияқты сөздердің 
мағынасын ашу, дұрыс сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: мемлекеттік рәміздер, буклет , суреттер.
Сабақтың әдісі: әңгіме, сұрақ-жауап, ойындар
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық
б) Ой шақыру сұрақтары
ІІ.Негізгі бөлім
1. Ата заңым – алтын заңым. 
а) «Бәріміз бірге!» ойыны
б) Өмір, денсаулық, бостандық.
2. Менің отаным – Қазақстан.
а) «Кім жылдам?» ойыны
ІІІ. Қорытынды
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1) Психологиялық дайындық. 
Мұғалім: 
Балалар, ертеңгісін көзімізді ашып, терезеге қарасақ, алдымен нені көреміз?
Әрине, күнді, күннің нұрын көреміз. Егер күн жарқырап, нұрын шашып тұрса қалай қуанамыз? 
Қуан шаттан! Алақай!
Қуанатын күн келді!
Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Күліп шықты күн бүгін! (балалар хормен айтады)
2) Ой шақыру сұрақтары
а) Алғаш рет сыныпқа кіммен келдің?
ә) Партада кіммен отырдың?
б) Білім туралы кім қандай мақал біледі?
в) Қазір қай мезгіл?
г) Желтоқсан айы қай мезгілге жатады?
д) Желтоқсан айында қандай мерекелер бар?
- Дұрыс. 1 – желтоқсан президент күні
16- желтоқсан – Тәуелсіздік күні
Балалар, бүгін біз президент күні қарсаңында өткелі отырған сынып сағатымыздың тақырыбы: «Менің құқықтарым, менің міндеттерім» деп аталады.
ІІ. Негізгі бөлім. 1. Ата заңым – алтын заңым.
Мұғалім: 
- Олай болса, бірлесіп «Бәріміз бірге!» ойынын ойнайық.
1) «Бәріміз бірге!» ойыны (қойылған сұрақтарға барлық оқушы хормен жауап береді)
а) Біздің мемлекет – ҚР.
ә) Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
б) Мемлекеттік рәміздеріміз –ту, елтаңба, әнұран.
в) Елорда – Астана.
г) ҚР кім басқарады? – Президент. ) 1 желтоқсан - Президент күні
е) 16 желтоқсан -Тәуелсіздік күні
ж) 30тамыз - Конституция күні
Мұғалім: 
- Әр елдің өзіне тән белгілері, рәміздері болады. Егемендігіміздің белгілерінің бірі – ол мемлекеттік рәміздер. 
«Қаншама ғасыр өмір сүрсе бұл Қазақ , 
сонша ғасыр ұмтылды ғой елдікке» -деп Төле би бабамыз айтқандай егеменді ел атандық. Міне, енді өз Әнұранымыз, Елтаңбамыз, Туымыз бар. 
- Сен шыр етіп дүниеге келдің. Сен сияқты қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы бір заңға бағынады. Ол – конституция деп аталады. Әр елдің, мемлекеттің өз азаматтарына арналған Заңы – Конституциясы бар. 
Конституция - еліміздің басты құжаты. Бұл біздің құқықтарымыз бен мүмкіндіктеріміз жайлы байыпты да, парасатты кітап. Конституцияны мұқият оқып үйренген жөн. Өйткені онда жазылған заң талаптарын өзімізде байқай берместен, күн сайын қолданып отырамыз. Бұл Заңда біздің құқықтарымыз ғана емес, міндеттеріміз де қатар жазылған. Оның дәлелі міне, сен бүгін мектепте отырсың, сен барлық адамдар сияқты оқуға, білім алуға құқығың бар. Сонымен қатар, сенің де міндетің бар. Ол – сен орта білім алуға міндеттісің. Мына үлкен мектеп, жарық та, кең әдемі бөлме жақсы білім алып, тәртіпті, саналы азамат болып, өсіп Отаныңа қызмет етуің үшін жасалған.
Ата заңым, алтын заңым-ардағым,
Аялаған азаматтың арманын
Жол бастайды болашаққа жасампаз,
Әрбір бабаң, тарауларың, тармағың – дегендей, Қазақстан Республикасы Конституциясының кейбір баптарына тоқтала кетсек:
7- бап. Қ.Р-ның мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
9- бап.Қ.Р-ның нышандары-Туы, Елтаңбасы, Әнұраны бар.
15- бап. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
24- бап. Әркімнің еңбек ету, кәсіп пен қызмет түрін еркін таңдау құқығы бар.
29-бап. Қ.Р-ның азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
30- бап. Тегін орта білім алуына кепілдік береді. Орта білім алу міндетті.
36-бап. Қ.Р-ның қорғау- оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндетті.
Ал, балалар енді сендерді тыңдайық. Осыған байланысты не айтасыңдар?
2) Өмір, денсаулық, бостандық.
- Адамға не қымбат? – Өмір
15 бап. 1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар.
16 бап. 1. Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар.
29 бап. 1.ҚР азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.
1. Азаматтар заңмен белгіленген кепілді медициналық көмек көлемін тегін алуға хұқылы.
Декларация - тараптар мақұлдаған жалпы принциптер мен мақсаттарды қалыптастыратын салтанатты акт
Міндет – адамдар бұлжытпай орындауға тиісті тәртіп пен қарым - қатынасқа қойылатын талап
Құқық - қоғамдағы адамдардың өзара қарым - қатынасын реттеп отыратын мемлекет белгілеп, қорғайтын нормалар мен ережелер жиынтығы, осы нормаларды зерттейтін ғылым
Конституция - конституциялық құрылысты бекітетін, адам мен азаматтың құқығы мен еркіндігін бекітетін, мемлекеттік биліктің федеральдық органдарын тағайындайтын негізгі құрылтайшы саяси - құқықтық акт.
Мораль - адамның іс - әрекетін қайырымдылық пен зұлымдық, әділдік пен әділетсіздік және т. б. тұрғысынан реттеп отыратын нормалар мен принциптер жүйесі.
Адам дүниеге келгеннен кейін оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын біздің мемлекетіміздің Ата Заңы қорғайды. ҚР - ның Конституциясы - барлық Заңдардың негізгі басты құжаты.
Ата Заңымыздан басқа тікелей балалардың құқығын қорғайтын 1989 жылы 20 - қарашасында «Балалар құқықтары туралы конвенция» қабылданып, 1995 жылдың желтоқсан айында Елбасымыз «Бала құқығы туралы конвенцияға» қол қойды.
- Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы.
- Мемлекет әрбір баланың аман - сау өсіп, жан - жақты дамуын қамтамасыз етеді.
- Әрбір бала өз отбасында, ата - анасымен бірге өмір сүруге құқылы.
- Бала міндетті түрде алғашқы білімін тегін алуға құқылы
- Бала денсаулығын сақтауға, емдеуге құқылы
Әрбір Қазақстан оқушыларының міндеттері:
1. Әрбір оқушы ҚР -ның Конституциясы мен заңдарын сақтауға,
2. Басқа адамның құқықтарын, ар - намысы мен қадір - қасиетін сақтауға,
1. Табиғатты қорғауға
2. Тарихи мәдени мұраларды сақтауға міндетті
Отанның, ел - жұртыңның мақтаны бол,
Алды бол қатарыңның бұл өмірде
2. Менің отаным – Қазақстан.
Мұғалім: Ал, қане балалар, Отан деген не? Оны қалай түсінесіңдер? (балалар өз ойларын айтады)
Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен-
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ, өз үйіңнен басталады.. Отан – дегеніміз адамның туып өскен жері, туған-туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы.
Хор: Отан туралы ән
б) «Кім жылдам?» ойыны
-Қазір «Кім жылдам» ойынын ойнаймыз.
Отан туралы кім көп мақал-мәтелдер біледі? Олай болса, мен мақалдың басын айтамын, сендер жалғастырасыңдар.
Отан- елдің анасы
Ел-(ердің анасы)
Туған жердей жер болмас,
( Туған елдей ел болмас).
Отанды сүю - (отбасынан басталады)
Отан оттан да (ыстық)
Пәлен жерде алтын бар ( Өз жеріңдей қайда бар) Отансыз адам - ( ормансыз бұлбұл) Отан үшін күре ( Ерге тиген үлес)
Ел іші- (алтын бесік)
Сергіту сәті. «Туған еліме тілегім» 
Қазақстан картасының суреті тақтаға ілініп, балалардың алдына гүл, күн көгершін суреттерін үлестірмелі түрде беріледі. Өздері таңдаған суретті Қазақстан картасының бетіне жапсырып, не себепті сол суретті таңдағанын тілегі арқылы білдіреді.
Отан туралы тақпақтар айту.
ІІ. Қорытынды.
Сонымен, қорыта келгенде өзіміздің құқығымызды қорғауға, міндеттерімізді орындауға, Отанымызды құрметтеуге және патриоттық сезімімізді нығайта түсуге тырысайық. 
Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер.




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет