Сабақтың тақырыбы: Менің кітапшам Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары



бет2/3
Дата01.04.2022
өлшемі3,84 Mb.
#29516
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
8Менің кітапшам

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(5 минут)

Оқушыларды «шаттық шеңберіне»тұрғызып, сәлемдеседі. Жоқ оқушыларды түгендейді. Сабаққа дайындығын тексеру.

«Көбелек» ойыны



Оқушылар шеңберге тұрып,айтады

Таңертең көбелек оянды, тартылды, Қанаттарын бұлғады, терең тыныс алды, Азғана айналып, барлығына күліп, Қайта гүліне оралды



Қолпаштау



Слайд

Сабақтың ортасы

(6-32 минут)


1. Мұғалім оқушыларға №3 жұмыс дәптерін таратады, дәптердегі тапсырмалардың осы бөлім бойынша өткендерін қайталауға құрылғанын, сондай-ақ бұл дәптер кітапша түрінде белгілеу, бояу, сурет салу сәйкестендіру сияқты жеңіл, бірақ бірнеше тапсырмадан тұратынын түсіндіреді.

1-тапсырмаға дайындық мақсатында мұғалім «Сиқырлы сандық» әдісі бойынша нан, бауырсақ, шай, сүт, кәмпит, шырын, май, сорпа, ботқа, балмұздақ сөздерін қайталатады. Содан кейін мұғалім оқушылардың назарын 1-тапсырмаға аударады. Оқушылардың сөздерді дұрыс оқу дағдыларына көңіл бөледі. Сөз бен суретті сәйкестендіру тапсырмасын түсіндіреді.

2-тапсырмамен жұмыс

«Сен не аласың? Сен не алмайсың?» сұрақтарын қайталатудан басталады. Мұғалім оқушыларды жұпқа бөледі. Оқушылардың өзара сұрақ-жауабын ұйымдастырады. Ол заттардың макетін немесе суреттерді пайдалануға болады. Оқушылардың аламын, алмаймын сөздерін сөйлесуде дұрыс қолдана алуларына көңіл бөледі. Сондай-ақ оқушылардың «х», «» белгілерін дұрыс қолдана алуларына назар аударады.

3-тапсырмада мұғалім оқушылардың оқу, толықтырып жазу дағдыларын жетілдіруге көңіл бөледі.

Тапсырмадағы «иә», «жоқ» сөздеріне қатысты «аламын, алмаймын» сөздерін қолдана алуды түсіндіреді.


  • Мысалы: Сен бауырсақ аласың ба?

  • Иә, аламын.

  • Сен шай аласың ба?

  • Жоқ, алмаймын.

  • Сен шырын аласың ба?

  • Иә, мен шырын аламын.

  • Сен ботқа аласың ба?

  • Жоқ, мен ботқа алмаймын.

4-тапсырмада мұғалім оқушылардың оқу дағдысын жетілдіруге және сұраққа өз бетінше жауап беруіне көңіл бөледі. Оған қоса оқушылар дүкен сөзін естеріне түсіреді және дүкеннен не алатындарын ойланады. Оқушылар тірек суреттер бойынша «Дүкенде не бар?» деген сұрақтың жауабын айтады.

Осы тірек суреттер оқушылардың жауапты дұрыс жазуларына көмектеседі.

Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады.

5-тапсырма бойынша ішемін, жеймін сөздері бойынша жұмыс жүргізіледі. Мұғалім оқушылардың етістіктерді сурет бойынша түсінулеріне және ауыспалы осы шақта қолдана алуларына көңіл бөледі. Оқушылар тапсырмадағы сөздерді оқығанда бірден оны жейтінін немесе ішетінін көз алдарына елестетулері керек. Оқушылар өз бетінше жұмыс істеп отырған кезде мұғалім әр оқушының қасына барып, жеке сұрай алады.




Тыңдалым,айтылым.

1-тапсырмада оқушылар тағам мен cусынға қатысты сөздерді қайталайды. Тапсырмада берілген сөздерді оқиды, суреттер мен сөздерді сәйкестендіреді.

2-тапсырмада оқушылар

«Сен не аласың? Сен не алмайсың?» сұрақтарын қайталайды.

Мұғалімнің «Сен не аласың?» деген сұрағына жауап береді.

Осы сұрақты бір-біріне қояды. Тапсырмада аламын (х), алмаймын (v) белгілерін дұрыс қолданады.

3-тапсырмада оқушылар диалогті толықтырып оқиды.

Диалогті аламын, алмаймын сөздерімен толықтырып жазады.
Оқушылар 4-тапсырмада берілген сөйлемдерді оқиды.

«Сен не аласың?» деген сұраққа жауап береді.

Жауап үлгілері:



Мен шай аламын.

Мен нан аламын.

Мен шырын аламын.

Мен кәмпит аламын.

Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды.

5-тапсырмада оқушылар сөйлемдерді ішемін, жеймін сөздерімен толықтырады, жазады.

Сөздерді ұқыпты, қатесіз жазады.

Оқушылар мына сөйлемдерді айта алуы қажет:

Мен нан жеймін. Мен сүт ішемін.

Мен шай ішемін. Мен ет жеймін.

Мен балмұздақ жеймін.

Мен алма жеймін.
6-тапсырмада оқушылар тірек сурет бойынша «балмұздақ» сөзін қайталайды, оның қандай болатынын айтады.

«Балмұздақ» сөзін қатесіз жазып, суретті қалауы бойынша бояйды.

7-тапсырмада оқушылар бөлім бойынша үйренген тамақ, жеміс, зат атауларын қайталайды, сурет бойынша айтады, өз жауаптарын cөзжұмбақтағы сәйкес санның қасына қатесіз жазады.

Оқушылар мына сөздерді айтады және жазады:

1 - алма, 2 - алмұрт, 3 - сүт,

4 - балмұздақ, 5 - қасық, 6 - жүзім

8-тапсырмада оқушылар Сен не аласың?

Сен балмұздақ жейсің бе?

сұрақтарын қайталайды, сұраққа жауап береді.
Сұрақтардың жауабын өз бетінше ұқыпты, қатесіз жазады.

Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін дұрыс сақтайды.

9-тапсырмада оқушылар сұрақтарға жауап береді.

Сұрақтар:



  • Сен не жейсің?

  • Сен не ішесің?

Өздерінің жауаптарын суретін салу арқылы көрсетеді.

«Бас бармақ»




Дескриптор

- дұрыс сәлемдесе алады,



- сәлемдесіп, өзін таныстыра алады.- тілдік нормаларды сақтайды

«Бас бармақ»





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет