Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Оқушыларды ынталандыру мақсатында мадақтау арқылы бағалау
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып қосымша ақпаратпен танысады.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1-тапсырма: Өз ойыңды төмендегі пікірмен салыстыр.
Кез келген заттың, құбылыстың, ұлттың және қоғамның ең басты сипаттарының жиынтығын құндылық деп атаймыз. Ол материалдық, рухани, отбасылық, ұлттық, жалпыадамзаттық т.б. құндылықтар болып бөлінеді. Біздің Отанымыз Қазақстанның ең басты
құндылығы – ел тәуелсіздігі. Оны көздің қарашығындай сақтау –
әрқайсысымыздың абзал борышымыз.
2-тапсырма: Атамекен, атажұрт туралы бір-біріңнен интервью алып, өзара пікірлесіңдер.
|
Дескриптор: Жалпы - 4 балл
1. Өз ойын тапсырмада берілген пікірмен салыстырады.
2. Атамекен, атажұрт туралы бір-бірінен интервью алып, өзара пікірлеседі.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
|