Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Оқушыларды ынталандыру мақсатын мадақтау арқылы бағалау
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып қосымша ақпаратпентанысады.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1-тапсырма: Бір-біріңмен ой бөлісіп, мақалдарды жалғастырыңдар.
Оларды түсіндіріп айтыңдар.
1. Отансыз адам – ормансыз ... . 4. Күтімі жаман ағаштың –
бітімі ... .
2. Жалғыз ағаш ... болмас, ... .
5. Тікен ... қорғайды,
3. Жақсы болсаң жердей ..., Ара ... қорғайды.
Бәрін шыдап көтерген. Жаман ... қорғайды,
Таза болсаң судай ..., Жақсы ... қорғайды.
Бәрін жуып кетірген.
2-тапсырма: Оқулықта берілген «Құс төресі – қоқиқаз» атты мәтінді оқып, қоқиқаз туралы өзің білетін мәліметтермен бөліс және бөлек жазылатын күрделі атауларды тап.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Бір-біріңмен ой бөлісіп, мақалдарды жалғастырады.
2.Оқулықта берілген «Құс төресі -қоқиқаз» атты мәтінді оқиды, қоқиқаз туралы өзі білетін мәліметтермен бөліседі және бөлек жазылатын күрделі атауларды табады.
|
ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
|