Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан Бөлім: 1-бөлім



бет81/93
Дата02.10.2023
өлшемі10,71 Mb.
#112354
түріСабақ
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   93
Байланысты:
Қазақ тілі 1 тоқсан 6 сынып Brand Online

3-тапсырма: . «Сөз-Бәйге!». Шарты: үш топқа бөлініңдер.
1. 3 минут ішінде еліміздегі бірге жазылатын қала, елді мекен
атауларын айтыңдар.
2. 3 минут ішінде дефис арқылы жазылатын жеті керемет атауларын айтыңдар.
3. 3 минут ішінде екі түбірден құралған кісі аттарын айтыңдар.
4-тапсырма: Сөзжұмбақты шеш.

1. Үндістанның Агра қаласында орналасқан кесене.
2. Ежелгі Грекиядағы піл сүйегі мен алтыннан жасалған мүсін.
3. Еліміздегі тасқа жазып түсірілген суреттер.
4. Қазақ халқының дәстүрлі баспанасы.
5. Теңізшілерге жол көрсеткен мәрмәр тастан қашалған жеті
кереметтің бірі.
6. Қазақ халқының өрлеуі мен түлеуінің, мемлекеттіліктің,
кеңдік пен дарқандықтың символына айналған Астана қаласындағы монумент.
7. Биіктігі 40–45 метрлік ежелгі кесене.
8. Биік жартасқа орналасқан Иордания қаласы.
9. Ұлттық музыкалық аспап.
10. Әлемдегі ең үлкен амфитеатр.
11. Еліміздің бас қаласы.

Дескриптор: Жалпы – 3 балл


3. «Сөз-Бәйге!». Шарты: үш топқа бөлініп тапсырманы орындайды.
4. Сөзжұмбақты шешеді.

ДК экраны
6-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.




Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.



Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.







Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».

Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.



«Мадақтау сөзі» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.
Осы сабақта қолданылатын
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет