Сабақтың тақырыбы Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару



бет2/2
Дата08.11.2022
өлшемі135,5 Kb.
#48410
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы

Құндылықтарға баулу



5-құндылық.Жалпыға бірдей еңбек қоғамы:Еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлайды;

Пәнаралық байланыс

Пайызға берілген есептерді шығару арқылы экономика саласымен байланыс орнатады.

Алдыңғы білім



Тура пропорционалдық тәуелділік және кері пропорционалдық тәуелділік тақырыбында есептер шығара алады.



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері



Ресурстар




Сабақтың басы
10 мин

І.Ұйымдастыру кезеңі:а)Сәлемдесу;
ә)оқушылар қатысын тексеру;
ІІ. Сыныпты топқа бөлу: әдісі: оқушылар 5;10;20 теңгелік тиындарды (манета) құпия себеттен (карзина) таңдап алады. Тиындар бойынша 5;10; 20 теңгелік топтар болып бөлініп отырады.
Бағалау парақшасы және үлестірме шағын смайликтер таратылат:
Бағалау парақшасы

тапсырмалар

Оқушының аты-жөні



Шапшаңдық гимнастикасы

Постер қорғау

сәйкестендіру

Тақтайша әдісі

Жеке жұмыс

Ондық бөлшек түрінде жазу

Өсу ретімен жазу

1-оқушы



















2-оқушы



















3-оқушы



















4-оқушы



















5-оқушы



















6-оқушы


















Смайлик саны бойынша алған бүгінгі бағаң:


9-10 смайлик - «5» алдың
6-8 смайлик - «4» алдың
3-4 смайлик - «3» алдың

ІІІ. «Шапшаңдық гимнастикасы» әдісі арқылы өткен тақырыпты қайталап, еске түсіру мақсатында; әр оқушы берілген пайыздарды жай бөлшек түрінде жазып, кестені толтырады:
Оқушының аты-жөні:___________________

3%

210%

52%

15%

340%

25%

40%

215%

80%





























Оқушының аты-жөні:___________________


3%

210%

52%

15%

340%

25%

40%

215%

80%

0,03

2,1

0,52

0,15

3,4

0,25

0,4

2,15

0,8

Слайд арқылы ондық бөлшек түрінде жазғандарын тексеріп, ондық бөлшекті өсу ретімен жазады. Слайдта көрсетілген келесі тапсырма бойынша ондық бөлшек астындағы әріптерді өздері өсу ретімен жазған ондық бөлшекпен сәйкстендіреді.
Оқушының аты-жөні:___________________

3%

210%

52%

15%

340%

25%

40%

215%

80%

0,03

2,1

0,52

0,15

3,4

0,25

0,4

2,15

0,8

э

и

о

к

а

о

н

к

м

Нәтижесінде «экономика» сөзін ала отырып, сабағымыз экономика саласына байланысты екенін аңғарады.

Слайд,

5;10;20 теңгелік тиындар,


себет, үлестірме смайликтер
Бағалау парақшасы

Тапсырма жазылған үлестірме парақшалар






Сабақтың ортасы
20 мин

Әр топқа жекелей ортақ тапсырма беріледі.Постер қорғайды.
Мұғалім:Қазіргі таңда кез келген адамды алаңдататын мәселелер-банкке бірнеше төлемдерді төлеу. Ендеше сіздерге қолдарыңыздағы ақшалардың аз пайызын банкке төлеу керек.
Тапсырма әр оқушыға жекелей беріледі, мұғалімнің бағыт беріп, бақылауымен жұптық, топтық болып бірігіп, қорытып топ болып постер қорғайды.
1-топ «5 теңгеліктер»тапсырмасы: Берілген санның пайызын табу үшін пропорция құрып, есептің мәнін табыңдар.
Есеп: Қолдарыңыздағы тиындардың қосындысының 10%-ын банкке төлеулеріңіз керек. Қолдарыңызда неше теңге бар? Неше теңгесі банкке төленеді?
2-топ «10 теңгеліктер» тапсырмасы: Пайызы бойынша санды табу үшін пропорция құрып, есептің мәнін табыңдар.
Есеп:Қолдарыңыздағы тиындар қосындысы -сіздер банкке төлеу керек ақшаның 10%-ы ғана. Қолдарыңызда барлығы қанша теңге бар? Банкке негізі неше теңге төлеулеріңіз керек?
3-топ «20 теңгеліктер» тапсырмасы:Екі санның пайыздық қатынасын табу үшін пропорция құрып, есептің мәнін табыңдар:
Есеп:Осы топтағы әр оқушы 1 теңгеден бергенде барлық жиналған ақшаның неше пайызы жиналар еді?
Қорғалған постерлер арқылы мұғалімнің нұсқауымен мына кестені толтырып, есепті шешу алгоритмін құрады.
Әр топ алдына жүйелігі сақталмаған формулалар жазылған үлестірме парақшалар таратылады. Топ оқушылары ақылдасып, формула орнын тауып сәйкесін слайдтағы кесте орнына іледі. Тексеру үшін дұрыс толтырылған кесте ашылады. Формула жазылған қызыл түсті қағазды -5 теңгеліктер, сары түсті қағазды-10 теңгеліктер, жасыл түсті қағазды -20 теңгеліктердің ілгендігі бірден анықталады. Әр топ бақылаушысы смайликпен бағалап отырады.

Есептің типі

Санның пайызын табу

Пайызы бойынша санды табу

Проценттік қатынасты табу

Есептің қысқаша жазылуы










Пропорция









Пропорцияның белгісіз мүшесін табу












Есептің типі

Санның пайызын табу

Пайызы бойынша санды табу

Проценттік қатынасты табу

Есептің қысқаша жазылуы

а -- 100
х -- р

х -- 100
в -- р

а -- 100
в -- х

Пропорция

а/х=100/p

x/b=100/p



a/b=100/x

Пропорцияның белгісіз мүшесін табу

Х=(a*p):100

Х=(b*100):p

Х=(b*100):a



Бағалау кретерийі: -Пропорцияны пайдаланып, берілген санның пайызын таба алады;
-Пропорцияны пайдаланып, пайызы бойынша санды таба алады;
-Пропорцияны пайдаланып,екі санның пайыздық қатынасын таба алады.
2-оқу мақсатына сәйкес, оқушыларға шамаларды берілген қатынаста бөлу алгоритмі жазылған парақша мен барлық топтарға ортақ бір есеп жазылған парақшалар таратылады. Есепті «Тақтайша» әдісін қолдану арқылы жұптасып, берілген алгоритм арқылы шығарады.
Алгоритм: Шамаларды берілген қатынаста бөлу үшін:
1.Берілген қатынас мүшелерінің қосындысын табу керек;
2.Санды табылған қосындыға бөлу керек;
3.Шыққан нәтижені (бөліндіні) қатынас мүшелерінің әрқайсысына жеке-жеке көбейту керек.
№27 есеп:23 бет «Атамұра»-2018
Мыс пен мырыштан даярланған құйманың массасы 720 грамм. Құйма құрамындағы мыстың массасының мырыштың массасына қатынасы 7:5 қатынасындай. Құйма құрамында неше грамм мыс, неше грамм мырыш бар?
Шығарған есептерін тақтайшаға жазып, слайдта көрсетілген есептің дұрыс шешімімен салыстырады.
Мыс: х
Мырыш: у

  1. 7+5=12

  2. 720:12=60

  3. 7*60=420

5*60=300. Жауабы: 420гр мыс, 300гр мырыш бар.
Өз қателерін жөндейді. Бақылаушы тексеру арқылы смайликпен бағалап отырады.

А3 қағаз, маркер, тапсырма жазылған парақшалар

Формула жазылған түрлі-түсті парақшалар



Тақтайша, маркер.



Сабақтың соңы


Оқушыларға шамаларды берілген сандарға кері пропорционал бөліктерге бөлуге берілген есептерді сигнал беру арқылы шығартамын.
Сигнал: Шаманы берілген сандарға кері пропорционал бөліктерге бөлу үшін, оны осы берілген сандарға кері сандарға тура пропорционал бөліктерге бөлу керек.
№1 есеп.53-бет. «Атамұра»
1-топ:1).91 санын 5 және 8 сандарына кері пропорционал бөліктерге бөліңдер.
2-топ:2).143 санын 4 және 7 сандарына кері пропорционал бөліктерге бөліңдер.
3-топ:104 санын 2,3 және 4 сандарына кері пропорционал бөліктерге бөліңдер.
Есеп шешімі слайдтан көрсетіледі. «Көршіңді тексер» әдісі арқылы оқушылар бір-бірін тексереді.
Үйге тапсырма:№147 есеп.55 бет.
Әр оқушы смайлик арқылы өз бағаларын біледі.


Оқулық:
Т.А.Алдамұратова
Қ.С.Байшоланова
Е.С.Байшоланов
6-сынып математика,
Алматы «Атамұра»-2018



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Тапсырмалар сабақ барысында жеңілден күрделіге қарай саралап алынды. Топтық жұмыспен қатар жеке, жұптық жұмыста оқушылардың жақын арадағы даму аймағы ескеріледі.

Сабақта қолданылатын бағалау парақшалары арқылы өзара тексереді, топтық жұмыста формулаларды сйкестендәру арқылы өздерін тексереді, кері байланыс беремін.,

Интерактивті тақтаны пайдалану ережесін пайдалану.
Тиындарды тарату барысында оқушы денсаулығына зиян келмеуін қадағалау
Денсаулық сақтау технологиялары.


Сабақ бойынша рефлексия


Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.






«ББҮ» сызба әдісі арқылы оқушылар берілген кестені толтырып береді.

Білемін

Білгім келеді

Үйрендім














Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Сабақ барысы

Бағалау парақшасы



тапсырмалар

Оқушының аты-жөні



Шапшаңдық гимнастикасы

Постер қорғау

сәйкестендіру

Тақтайша әдісі

Жеке жұмыс

Ондық бөлшек түрінде жазу

Өсу ретімен жазу




1-оқушы



















2-оқушы



















3-оқушы



















4-оқушы



















5-оқушы



















6-оқушы


















Смайлик саны бойынша алған бүгінгі бағаң:


9-10 смайлик - «5» алдың
6-8 смайлик - «4» алдың
3-4 смайлик - «3» алдың

  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет