Сабақтың тақырыбы М.Әуезовтің «Көксерек»


Мәтіннен қатты әсер еткен тұстары



бет3/4
Дата20.02.2023
өлшемі126,59 Kb.
#69589
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
көксерек әңгімесінің тақырыбы мен идеясы

Мәтіннен қатты әсер еткен тұстары

Өз пікірің

1. Адамдар қолынан қасқыр күшіктерінің өлтірілуі.
2. Құрмаштың күшікті бағып алуы мен Көксерек деп атауы.
3. Көксеректің алғаш рет табиғатқа қарап ұлуы.
4. Ауылға шабуы, Құрмашқа шабуыл жасауы.
5. Әжесінің қайғыруы. Құрмаштың қайтыс болуы. Табиғат ананың тыныштығын жауыз адамдар бұзды. Жазықсыз күшіктерді өлтіруі дұрыс емес.

Құрмаштың таза көңілі мен мейрімді жан екенін білдім.
Қасқыр табиғаттың бір бөлшегі. Қасқыр қашанда қасқырлығын қылады.
Көксеректің бұл іс - әрекетіне адамдардың өздері себеп болды. Ол санасыз, тағы қасқыр, әбден өшпенді болып алған.
Күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұясы, талбесігі - табиғатты аялау.



Дескриптор:

  • Шығармадан қатты әсер етекен тұсын анықтайды;

  • Үзіндіге байланысты өз пікірін білдіреді;

  • Шығарманың тақырыбы мен идеясын талдайды.

  • Ойларын дәлелдейді.



ҚБ

Тапсырма: Шығармашылық жұмыс
Қасқырға байланысты мақал-мәтел жазу


Дескриптор:
- Қасқырға байланысты мақал-мәтелді тауып жазады;
- Қасқыр туралы ойларын еркін жеткізеді;
ҚБ

Ой толғаныс

Тапсырма: «Жуан және жіңішке» әдісі
«Жіңішке» сұрақтар – бір сөзді жауапты талап ететінсұрақтар.
«Жуан» сұрақтар – ойлауды, қосымша білімді тарататын, талдай білуді талап ететін сұрақтар.
1. Жазушының бұл әңгімені жазуына не себеп болды?
2. Адамдардың бөлтірікке жасаған іс - әрекеттеріне қалай қарайсыздар?
3. Әңгіменің идеясы не?
4. Көксерек Құрмашпен неге тез тіл табысты?
5. Көксеректі жауыздыққа баулыған не?
6. Құрмаштың өліміне кінәлі кім?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет