Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестелер


Microsoft фирмасының Excel



бет2/5
Дата18.04.2023
өлшемі302,01 Kb.
#83975
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Сабақтың тақырыбы Microsoft Excel электрондық кестелер

Microsoft фирмасының Excel программасы – кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған программалық кестелердің бірі. Бірақ Excel жай программа ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есптеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т.б. қамтамасыз ете алады.
Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай-ақ оқып үйренуде, ғылыми зерттеу істерінде, әкімшілік және жай шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді.
Excel программасын іске қосу
1) Тапсырмалар тақтасындағы Іске қосу (Пуск) батырмасында тышқанды шертеміз де,Программалар қатарын таңдаймыз.
2) Microsoft Office-тің ішінен Microsoft Office Excel қатарында тышқанды шертеміз.
Іске қосу → Программалар → Microsoft Offiсe → Microsoft Office Excel (1-сурет)



1-сурет
Excel программасы іске қосылғаннан кейін экранның көрінісі суреттегідей болады.
Пішімдеу үстелі
Күй жолағы
Парақтар лақаптары
Айналдыру сызығы
Жолдар тақырыбы
Ұяшықтар
Бағандар тақырыбы
Мәзір жолағы
Өрнек жолағы
Стандартты үстелі
Тақырып жолы

Кесте ұғымы күнделікті өмірде кездеседі, міне, олардың бірнеше мысалы: көбейту кестесі, сынып журналы, үлгерім күнделігі. Оны толтыру барысында сендер қажет бағанды табасыңдар, содан кейін тиісті жолға тапсырма жазасыңдар, осылайша, дайын кестені толтырғандарыңды байқамай да қаласыңдар. Бірақ бұл кестелерде ешқандай есептеу орындалмайды. Кестелік есептеу үшін олар бойынша есептеу жүргізілетін қарапайым формула мен есептеуге қатысты бастапқы деректері болуы тән.
Кесте – ақпараттың жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі. Кесте жолдар мен бағандардың кез келген санынан құрылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет