Серікова Салтанат Төреқожақызы
А.С.Пушкин атындағы орта мектебі
информатика пәнінің оқытушысы
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестелер
Сабақтың мақсаты: Excel электрондық кестесімен таныстыру және оның қосымша мүмкіндіктерін пайдалана отырып көлемі үлкен мәліметтер базасымен әртүрлі операциялар орындаумен таныстыру.
Білімділік: Excel бағдарламасының көмегімен мәліметтер базасын дұрыс құра білуге, берілген мәліметтер базасымен әртүрлі операциялар орындауға үйрету.
Дамытушылық: Жаңа сабақтың тақырыбын таныстыра отырып оқушылардың білік-дағдыларын қалыптастыру, білімдерін дамыту;
Тәрбиелік:Оқушыларды топпен жұмыс істей білуге және тәжірибе жұмысы кезінде қоғамдық мүлікке жауапкершілікпен қарауға, техника қауіпсіздік ережесін қатаң сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас
Оқыту әдісі: Баяндау, түсіндіру, көрсету
Оқытудың техникалық құралдары мен көрнекіліктері: Интерактивтік тақта, дербес компьютер, жаңа сабақтың теориясын түсіндіруге арналған презентация, тәжірибелік жұмысқа арналған үлестірмелі карточкалар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу;
- Психологиялық даярлық. Дәйексөз: «Ақыл тек білімде ғана емес, білімді іс жүзінде қолдана білуде...» (Аристотель).
Осы
дәйексөзді оқып, оқушылар өз ойларын ортаға салады. Бұдан шығатын қорытынды: Әр сабақта берілген білім,
ІІ(IV). Мақсат қою кезеңі:
Электрондық кестенің көмегімен қарапайым арифметикалық амалдарды орындаудан бастап күрделі
функцияларды есептеуге, көлемі үлкен мәліметтер базасын құруға болады. Бүгінгі біздің жаңа сабағымызда электрондық кестені пайдаланып
мәліметтер базасын құру, олармен орындалатын әртүрлі операциялармен танысамыз.
ІІІ(V). Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі: