Сабақтың тақырыбы Моңғол империясының құрылуы Оқу бағдарламасына



Дата17.02.2023
өлшемі369,08 Kb.
#68817
түріСабақ
Байланысты:
ҚМЖ Байгабылова Жанар Жарасовна


Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары





Бөлім:

6.3 XIII - XV ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан




Педагогтің Т.А.Ә.

Байгабылова Жанар Жарасовна




Күні:







Пәні:Қазақстан тарихы
Сынып: 6

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:




Сабақтың тақырыбы

Моңғол империясының құрылуы






Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

6.2.2.3 – көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау;
6.3.1.6 – картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру




Сабақтың мақсаты

Деректерді талдау арқылы көшпелілердің тарихында қандай саяси үрдіс орын алғанын сипаттайды.




Зерттеу сұрағы:

Зерттеу сұрағы: Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті?






Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану




Тарихи ойлау дағдылары

Тарихи талдау және түсіндіру

Тарихи концепт

(фокус): себеп-салдар



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



1. Ұжымдық жұмыс:
Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлемдесу, сынып оқушыларын түгендеу, көңіл-күйлеріне назар аударып, «Қимақағаз» әдісі арқылы оқушылар аралас 3 топқа бірігеді.
Бастапқы ынталандыру тапсырмалары.
Оқушыларға презентация арқылы сурет көрсетемін. «Ойлан. Жұптас.Талқыла.» стратегиясы арқылы оқушылар төмендегі сұрақтарға жауап беруі керек.
ЕББҚ 3- топтағы бар гипербелсенді оқушыны алаңдататын мінез-құлқы жайлы балалардың тобына орналастырамын.

Жетелеуші сұрақтар:

  • Нені көрдіңіз?

  • Нені білдіңіз?

  • Нені ойладыңыз?

Оқушыларға жоғарыдағы сұрақтар беру арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты, бағалау критерийімен таныстырамын.
«Кинометафора» әдісі
Бейнероликті талқылай келе, ақпараттық орнанайзерді толтыруды тапсырамын.
Сабақ барысында жаңа термин сөздермен танысып, түртіп алу әдісі арқылы есте сақтайды.
Термин сөздер:
Құрылтай, Төлеңгіт, Кешіктен, Ноян, Барунғар, Жоңғар, Кул, «Жасақ» (Яса), түмен.

1.Оқушылар «Қимақағаз» әдісі арқылы үстелдің үстінде қима қағаздарда «Барұңғар», «Кул», «Жоңғар» жазылған қағаздағы сөздер бойынша аралас 3 топқа бірігеді.
Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыға үлкен мөлшердегі ашық түстердегі суреттер, тақырып бойынша глоссарий тарату арқылы қолдау


2. Саралау: осы «Иллюстрация» әдісі арқылы оқушыларға бастапқы ынталандырушы материал арқылы жетелеуші сұрақтар яғни, жеңілден күрделіге қарай сұрақтар беріледі.
Сабаққа назар аударады.
Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беру арқылы, сабақтың тақырыбын анықтайды.

Мұғалімнің мадақтауы жүргізіледі



1.АКТ, мұғалім презентациясы
2.Моңғол империясы туралы мәлімет
https://youtu.be/etJlViYuMdo

Сабақтың ортасы



Топтық жұмыс. «Джигсо» әдісі. Ақпараттық органайзерды толтыру арқылы зерттеу сұрақтарына жауап береді
1-топ

  • Шыңғысхан империясының құрылу себептері қандай?

2-топ

  • Шыңғысхан әскерінің ерекшелігі неде?

3-топ

  • Шыңғысхан әскерінің жорықтарынан кейін Қазақстан территориясында қандай өзгерістер орын алды?

ЕББҚ баланың топқа араласуына қолдау көрсетіп, тапсырма реттілігін түсіндіру, басқа оқушылардан қолдауы.
Жеке жұмыс: Сараланған тапсырмалар
А-тапсырмасы:

Тұжырым

Шындық

Жалған

Шыңғысханның шын есімі -Тимучин







Моңғол имперсиясының негізін қалаған Керей мен Жәнібек







Моңғол империясы үш әкімшілік бөлікке бөлінді







1155-1227ж.ж. аралығында Шыңғысхан билік құрды.







Астанасы: Қарақорым







Шыңғысханның негізгі заңы «Жасақ»







В-тапсырмасы:
«Моңғолдардың қазақ жерін жаулап алуы» кестесін толтырады.

Жылдар

Жорықтары

1207-1208 ж




1207-1209 ж




1211-1215 ж




1217 ж




1218 ж




1219 ж




1219-1220 ж




Дереккөздермен жұмыс жасау арқылы функционалдық сауаттылығы артады.
Оқу сауаттылығы дамиды
С-тапсырмасы:
ҚБ тапсырмасы.
«ХІІІ ғасырдың басындағы әлем» және «ХІІІ ғасырдың аяғындағы әлем» карталарының мәліметтерін қолданып, ыдыраған және құрылған мемлекеттерді анықтайды.
Қосымша 1
Қосымша 2

Жалпы топтық талқылауға сұрақ
тарға жауап беру арқылы қатысады.
6.Жеке жұмыс: Оқушылар А,В,С деңгейіндегі сараланған тапсырмаларларды орындайды; А,В,С тапсырмалары жеңілден күрделіге қарай жасалған. Оқушы өз деңгейі не қарай таңдайды.
А-тапсырмасы: «Моңғол империя сы» туралы тұжы рым беріледі, беріл ген тұжырымның шындық/жалғандығын анықтайды.
В-тапсырмасы:
«Моңғолдардың қазақ жерін жаулап алуы» кестесін толтырады.

Жылдар

Жорықтары

1207-1208 ж

Жошы Енисей қырғыздарын,Сібір халық
тарын басып алуы

1207-1209 ж

Таңғұт, Турфан кінәздіктерін, ұйғырларды басып алуы

1211-1215 ж

Қытай жерін бағындырылуы, соғыс техникасын қабылдауы

1217 ж

Күшлікке қарсы Жебе ноянды аттандыруы

1218 ж

Отырарға керуен аттануы “Отырар опаты”

1219 ж

150 мың әскерді Ертіс, Сырдарияға аттандырып, Отырарды қоршап алуы

1219-1220 ж

Сыр бойын
дағы қалалар
дың толығы
менмонғолдар
ға бағынуы

Дескриптор:-карта мәліметтерін қолданып, ХІІІ ғасырдың басында Орталық Азияда қмір сүрген мемлекетті сипаттайды:
-картаның мәлімет
терін қолданып, ХІІІ ғ. Аяғында Моңғолия
да өмір сүрген тайпаны анықтайды:
-Моңғолмемлекетінің құрылғанын анықтайды.
ЕББҚ оқушыға тапсырманы орындау алгоритмі/ қосымша суреттер беріледі.

Оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырамын
ҚБ
Өзара топтық бағалау

«Екі жұлдыз, бір ұсыныс»


Мұғалімнің кері байланысы арқылы


6. ҚБ. «Смайликтер»

Жарайсың!!!тапсырманы толық орындаған жағдайда Жақсы!!! әлі де толықтырулар қажет ететен сұрақтар;
Талпын!!! сұрақтар мен тапсырмалар түсініксіз болған жағдайда;

Ақпараттық органайзер
№1 https://kk.wikipedia.org › wiki
№2 https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/8770/ © e-history.kz
№3 https://youtu.be/etJlViYuMdo
№4 https://youtu.be/6j-Uy0pSX5M
№5

https://youtu.be/ykERj38fxjw



Сабақтың аяғы



Сабақты қорытындылау
«Бес саусақ» әдісі

Үйге тапсырма. Моңғол напқыншылығынаі салдарлары

Оқушылар сабақ соңында
Нені үйрендім?
Неден қиналдым?
Қалай қол жеткіздім?
Көңіл күйім ..
Сабақ ұнады ма?
Сұрақтарына жауап беру арқылы кері байланыс жүргізеді




«Ең үздік жауап»



Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы

Тақырып:

Моңғол империясының құрылуы

Оқу мақсаты:

6.2.2.3 – көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау;
6.3.1.6 – картаны қолдану арқылы XIII-XV ғасырлардағы мемлекеттердегі саяси үдерістерді түсіндіру

Бағалау критерийлері:



• Карталарды қолданып XIII–XV ғғ. өмір сүрген
мемлекеттерді белгілейді

• Монғол мемлекетінің құрылуының алғышартын анықтайды



Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Тапсырма:
«ХІІІ ғасырдың басындағы әлем» және «ХІІІ ғасырдың аяғындағы әлем» карталарының мәліметтерін қолданып, ыдыраған және құрылған мемлекеттерді анықтаңыз.

1 – карта. ХІІІ ғ басындағы әлем




2 – карта. ХІІІ ғ аяғындағы әлем











––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
–––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––––
Дескрипторлар:

  • карта мәліметтерін қолданып, ХІІІ ғасырдың басында Орталық Азияда өмір сүрген мемлекетті сипаттайды;



  • картаның мәліметтерін қолданып, ХІІІ ғ аяғында Монғолияда өмір сүрген тайпаны анықтайды;



  • Монғол мемлекетінің құрылғанын анықтайды.




Термин сөздер:
Құрылтай, Төлеңгіт, Кешіктен, Ноян, Барунғар, Жоңғар, Кул, «Жасақ» (Яса), түмен.
Сабақта қолданылатын ресурстар:
№1 https://kk.wikipedia.org › wiki
№2 https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/8770/ © e-history.kz
№3 https://youtu.be/etJlViYuMdo
№4 https://youtu.be/6j-Uy0pSX5M
№5 https://youtu.be/ykERj38fxjw
№2 дерек. 13 ғасырдың басында моңғолардың құрған мемлекеті күшейе бастайды.
ХІІ ғасырдың соңы мен ХІІІ ғасырдың басында Орталық Азия мен Қазақстан далаларында көшпелi тайпалар одағы билеушiлерi арасында басқа тайпаларға өз үстемдiгiн орнату жолындағы күрес күшейе түстi. 13 ғасырдың бас кезiнде Шыңғыс хан империясының құрылуы Еуразияның көптеген халықтары мен мемлекеттерiнiң тарихи тағдырына орасан зор ықпал жасады. 
Темучиннің (Шыңғысхан) жаулау саясаты халықтар мен тайпалардың қалыптасқан қарым-қатынасы мен өзара байланысын бұзды және олардың этно-саяси, шаруашылық-мәдени дамуының барысын өзгерттi. ХІІ ғасырдың 2-жартысында моңғол тайпалары наймандар мен керейлердi талқандап, түркiтiлдi топтарға сiңiсiп, түркiлерден материалдық мәдениеттiң көптеген бөлiктерiн, шаруашылық пен тұрмыс түрлерiн, көшпелiлiк әдет-ғұрпын, мал тұқымдарын алды. 1206 жылы көшпелі шонжарлардың құрылтайы өтіп, тоғыз құйрық қыл байланған қасиетті, ақ ту желбірегени жағдайда Шыңғысханға салтанатты түрде хан атағы берілді.
13 ғасырдың басында моңғолардың құрған мемлекеті күшейе бастайды. Орталық Азиядағы түркi-моңғол тайпаларын өзіне қаратып, оларды бiр орталыққа бiрiктiреді. 1207 — 1211 жылдар аралығында Сiбiр мен Шығыс Түркiстан халықтары — буряттарды, якуттарды, қырғыздарды, ұйғырларды бағындырды.
Қарсыластардыңң шапқыншылығына төтеп бере алмаған қарлұқтардың билеушісі Арслан-хан Шыңғысханның қалың қолынан көмек сұрайды. Нәтижесінде 1210 — 1211 жылдан бастап ұлыс моңғолардың иелігіне қарайды. 1217 жылы Алмалы өңiрiнiң билеушiсi Бұзар моңғол ханының вассалына айналады. 1217 жылы Баласағұн қаласы ұрыссыз берiледi. Оған моңғолдар «Гобалық" («Жақсы қала») атағын бердi. Күшлiктiң езгiсiнен, оның Хорезмшах Мұхаммедпен және қарлұқ билеушiлерiмен соғысынан Жетiсу халқы әбден күйзелген болатын. Сондықтан бұл өлке халықтары моңғолдарды құтқарушы ретiнде қарсы алады. Шыңғысхан Жетiсу халқын өз жағына тарту үшiн тонаушылық пен қырғынға тыйым салады.
Шыңғысханға Жетiсуды басып алып, оның арқасында Орта Азияны тосқауылсыз бағындырудың сәті туады. 1218 жылы моңғолдардың Отырарға жiберген сауда керуенiн Хорезмшах билеушісі тонайды. «Отырар опаты» деп аталып кеткен жағдайға байланысты Шыңғысханның жоспарларын шапшаң түрде іске асыруға кірісті.
Бұл кезде Шыңғысхан жағында көптеген жергiлiктi, ақсүйектер-де соғысты. Шабуылға шыққан 150 мың адамның 111 мыңы ортаазиялық түркi-моңғолдар, қалғандары Шыңғысхан вассалдары (қарлұқтар, ұйғырлар, т.б.) болды. Моңғолдардың империясы Орталық Азияның көшпелі қоғамы үстем топтарының белсене қатысуымен құрылған. Сәйкесінше жаңа мемлекет аталмыш үстем топтың мүдделерін білдіруі тиіс еді. Ал көшпелі шонжарлар үшін шабуылдар басып алынған жерлермен қатар түрлі олжаларға кенелтіп, байлықты еселеудің бір амалы еді. Сондықтан 1219 жылы қыркүйекте моңғолдар Отырар қаласын қоршады. Қала бес ай қоршауда болып, халық аштыққа ұшырады. Осыған шыдамаған Қараджа-хаджиб қала қақпасын ашып жiбередi. Бастапқыда 80 мың әскермен қаланы қорғаған Отырар билеушiсi Қайырхан, iшкi қамалға бекiнiп, тағы бiр ай бойы соңғы жауынгерi қалғанша соғысады.
Сығанақ қаласының тұрғындары да моңғолдарға жетi күн қарсылық көрсетедi. Жошы бастаған қол Сауран, Жент, Баршынкент, Үзкент, Ашнас қалаларын басып алады. Сырдария бойындағы көптеген шаһарлар иелікке өтіп, моңғолдар Хорезмшах Мұхамедтің билігі жүрген аумақтарға жылжи бастайды. Олар Бұхара, Самарқанд сияқты қалаларды ешбір ұрыссыз қаратып алады. Ал 1221 жылы Хорезм қаласы жаулап алынды.Соғыс әрекеттерi барлық Орта Азияны шарпыды. Сөйтiп, 1219–1224 жылдары еліміздің аумағы Шыңғыс хан империясының құрамына енедi. Қазақстан жерi үш моңғол ұлысының құрамына: оның денi (далалық жағы) — Жошы ұлысына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан — Шағатай ұлысына, Солтүстік-Шығыс бөлiгi — Үгедей ұлысына ендi Источник: https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/8770/
© e-history.kz

Басты заңы

Жвсвқ
«



І бөлім


Құрылу себептері









ІІ бөлім





Шыңғыс хан

Басқару жүйесі




Шыңғысхан қандай хан болған еді?


Арнайы әскері













Моңғол империясы





Монғолияның аумағы мен халқы 3 әскери әкімшілікке бөлінді:




Оң қанат


Сол қанат



Негізгі жорықтары (бағыттары)

Орталық қанат


Әскери жүйесі

Орналасу жері, әрекет ету жылдары, халқының саны:

-

-

-

-
Империя туралы негізгі мәліметтер Ұлыстардың құрылуы

түменбасы

10 000 адам

түменбасы

түменбасы

10 000 адам

10 000 адам

түменбасы

10 000 адам


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет