Зерттеу және талдау 2-тапсырма. «Қазақ хандығының сыртқы саясаты»
Мәтінді мұқият оқып шығыңыз.
Негізгі даталарды анықтаңыз.
Көрші мемлекеттерін анықтап, кескін картаға түсіріңіз.
Сыртқы саясатта қандай нәтижеге жеткеніне баға беріңіз.
3-тапсырма. «Қазақ хандығының ішкі саясаты»
Мәтінді мұқият оқып шығыңыз.
Ішкі саясаттағы негізгі, экономикалық және әлеуметтік оқиғаларды анықтаңыз.
Прогрессті көрсеткіштерге дәлел келтіріңіз.
4-тапсырма.«Ұлы Дала Елі» ұғымы туралы мәтінге тұжырым жасау.
1.Мәтінде қандай кілтті сөздер бар және олар қандай мағынаны білдіреді? 2.Автор қандай ой-пікірді білдіргісі келеді? Мәтіндегі ақпаратты жинақтап, тұжырымдаңыз.3.Автор өзінің жазғанына қандай дәлелдер мен дәйектер келтіріңіз Интерпретация 5-тапсырма.«Тарихшы жазбалары». Қазақ хандығы құрылған кездегі тарихшы ретінде Керей мен Жәнібектің бірін таңдап мінездеме жазу.
Кейіпкерге мінездеме жазу үшін келесі критерийлерге негізделу қажет:
кейіпкердің өмір сүріп отырған дәуіріне толық сипаттама жазу;
кейіпкердің өмір сүрген ортасы, өмірбаяны;
адами қасиеті, ерекшеліктері.
Қазақ хандығын құрудағы рөлі
Кейіпкерге тарихи баға беріп қорытындылау.
6-тапсырма Деректі мазмұнын оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз Әбілқайыр хан қайтыс болған соң, өзбек ұлысы бір-бірімен шайқасты. Жұрттың көпшілігі Керей мен Жәнібек ханның маңына топтасты. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Олар «өзбек-қазақ» атала бастады. Қазақ сұлтандарының алғаш билік жүргізуінің басы 870 жылдан (1465-1466 жж) басталады. <Алла жақсы біледі>. 940 жылға дейін (1534 ж.) қазақтар Өзбекстанның көп бөлігіне биліктерін орнатты.
Деректе қандай тарихи фактілер келтірілуде?
Деректің тарихи маңыздылығына дәлел келтіріңі
Оқушылар берілген сұрақ шеңберінде өз пікірлерін ортаға салады.
Жалпы сыныптық талқылау ұйымдастырылады.
Оқушылар мәтінді оқып шығып, кілтті сөздердің негізінде тірек-сызба жасайды