Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» толғауының берер тәрбиесі және қоғам



бет2/3
Дата27.11.2023
өлшемі73 Kb.
#128807
түріСабақ
1   2   3
Пәнаралық байланыс:

Тарих, қазақ тілі, денешынықтыру

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Электронды оқулық, интерактивті тақта

Бағалау критерийлері:

Өлеңнің әр тармағына дәлелді пікірлерін білдіре алады.

Тілдік мақсаттар:

Менің ойымша... Менің түсінгенім бойынша... Мұрат ақынның қайғыруына қарағанда... Заманның жағдайын,адамдардың пейілін мына өлең жолдарында ... анық айтып өтеді.

Осыған дейін меңгерілген білім

Заман көрінісі, заман бейнесі



Сабақ барысы



Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер



Ресурс



Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу
Психологиялық ахуалды орнату және үй тапсырмасын тексеру
4 адамнан құралған 2 шеңберде тұрып, Мұрат Мөңкеұлының өлеңінен 1-2 шумағын кезекпен мәнерлеп жатқа айтып шығады.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.




Сабақтың ортасы

Тапсырма №1
Жеке жұмыс
«Ұзын дәліз» әдісі бойынша 10 оқушы шығады. 2 қатар құрап, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Бір оқушы арасынан өткенде оқушылар кезегімен сұрақтар қояды. Бағалаушы 2 оқушы жауабын есептеп отырады. Ең көп сұраққа жауап берген оқушы стикер алады.
Қ/Б: «Стикер» әдісімен мұғалім бағалауы және өзара бағалау
Тапсырма №2
«Үш қиян» толғауының идеясын үш сөйлем арқылы тұжырымдаңдар.
Жеке жұмыс. Кестені толтырыңдар.

Үзінді

Ақынның айтар ойы

Заманы қайтіп түзелсін,
Қоңсыдан туған би болды...
Ақылсыздың баласы
Ақшасына сүйеніп,
Айтқан сөзі пұл болды,
Заманың мұндай сұм болды.




Дескриптор:

  • Үзінді идеясын түсінген.

  • Үш сөйлеммен түсіндіре алған.

  • Көзқарасы байқалып тұр.

Қ/Б: Дескриптор негізінде кері байланыс беремін. Үздік жұмысқа стикер беремін.

8-сынып «Қазақ әдебиеті» оқулығы


кесте
стикер



Сабақтың соңы
Рефлексия

Сабақты бекіту
«ПОПС» формуласымен өз көзқарасыңды шығармадан үзінді алып дәлелде.
- «Үш қиян» өлеңі не себептен құнды деп ойлайсыңдар?
1. Менің ойымша,..
2. Себебі,..
3. Мынадай дәлелім бар,..
4. Қорытындылай келе,..
Дескриптор:

  • Өзіндік ойының себебін түсіндіре алады.

  • Дәлел келтіре алды.

  • Ой түйе білген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет