Практикалық жұмыс Тақырыбы: «MS Access бағдарламасында Конструктор режимінде кесте құру» Мақсаттар: - MS Access бағдарламасында Конструктор режимінде кесте құруды үйрету - MS Access бағдарламасында жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру - Оқушыларды жылдамдыққа, жеке жұмыс жасауға баулу
Жұмыс барысы:
Өздеріңіз құрған Адрес-Телефон атты жаңа мәліметтер базасын ашыңыздар.
Кестенің Конструкторрежиміне көшу үшін Таблицы нысанында Конструктор батырмасын басыңыз. Немесе Создать батырмасын бассаңыз Новая таблица деген кішкентай терезе ашылады да, сол терезеде Конструктор режимін таңдап ОК батырмасын басыңыз, немесе Создание таблицы в режиме конструктора жапсырмасына екі рет бассаңыз Таблица1 деген конструктор кестесі ашылады.
Конструктор режимі терезесінде кестенің Имя поля бағанасынаФамилиясы деген сөзді енгізіңіз.
Тип данных бағанасында Текстовый мәнін қойыңыз.
Осылайша келесі өрістердің барлығын толтырыңыз: Аты, Әкесінің аты, Телефоны, Тұратын елі, Облысы, Қаласы, Мекен-жайы, Туған күні, Оқу орыны, Тобыжәне де олардың барлығының Тип данных бағанасын толтырыңыздар.
Кестенің құрылысын толықтырып болғаннан кейін келесі әмірді орындап, оны сақтаңыз: Файл/Сохранитьбатырмасын басып, Сохранение терезесінде Имя таблицы жолына Телефон-адрес кітабы атауын беріңдер.
Алғашқы кілтті құру сұрағына Иә деп жауап беріңіз. Сіздің кестеңіз сақталынды. Енді Конструктор терезесін жабыңыз да құрған кестеңізді ашып көріңіз.
Егер сіз барлығын дұрыс орындаған болсаңыз «Телефон-адрес кітабы» атты кесте құрылуы тиіс.
Нәтижені мұғалімге көрсетіңіз.
Сәттілік тілеймін! 4. Сабақтың аяқталуы және бағалау Сабақтың соңында оқушылар 5 балдық жүйемен бағаланады және оларға үй
тапсырмасы беріледі
5. Үй тапсырмасы МS Access бағдарламасы бойынша бақылау жұмысына дайындалу
Қарағанды қаласы