Сабақтың тақырыбы: ms access бағдарламасында Конструктор режимінде кесте құру Сабақтың мақсаты



бет4/4
Дата19.06.2023
өлшемі136,92 Kb.
#102267
түріСабақ
1   2   3   4
Практикалық жұмыс
Тақырыбы: «MS Access бағдарламасында Конструктор режимінде кесте құру»
Мақсаттар:
- MS Access бағдарламасында Конструктор режимінде кесте құруды үйрету
- MS Access бағдарламасында жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру
- Оқушыларды жылдамдыққа, жеке жұмыс жасауға баулу


Жұмыс барысы:



  1. Өздеріңіз құрған Адрес-Телефон атты жаңа мәліметтер базасын ашыңыздар.

  2. Кестенің Конструктор режиміне көшу үшін Таблицы нысанында Конструктор батырмасын басыңыз. Немесе Создать батырмасын бассаңыз Новая таблица деген кішкентай терезе ашылады да, сол терезеде Конструктор режимін таңдап ОК батырмасын басыңыз, немесе Создание таблицы в режиме конструктора жапсырмасына екі рет бассаңыз Таблица1 деген конструктор кестесі ашылады.

  3. Конструктор режимі терезесінде кестенің Имя поля бағанасына Фамилиясы деген сөзді енгізіңіз.

  4. Тип данных бағанасында Текстовый мәнін қойыңыз.

  5. Осылайша келесі өрістердің барлығын толтырыңыз: Аты, Әкесінің аты, Телефоны, Тұратын елі, Облысы, Қаласы, Мекен-жайы, Туған күні, Оқу орыны, Тобы және де олардың барлығының Тип данных бағанасын толтырыңыздар.

  6. Кестенің құрылысын толықтырып болғаннан кейін келесі әмірді орындап, оны сақтаңыз: Файл/Сохранить батырмасын басып, Сохранение терезесінде Имя таблицы жолына Телефон-адрес кітабы атауын беріңдер.

Алғашқы кілтті құру сұрағына Иә деп жауап беріңіз. Сіздің кестеңіз сақталынды. Енді Конструктор терезесін жабыңыз да құрған кестеңізді ашып көріңіз.

  1. Егер сіз барлығын дұрыс орындаған болсаңыз «Телефон-адрес кітабы» атты кесте құрылуы тиіс.

  2. Нәтижені мұғалімге көрсетіңіз.

Сәттілік тілеймін!
4. Сабақтың аяқталуы және бағалау
Сабақтың соңында оқушылар 5 балдық жүйемен бағаланады және оларға үй
тапсырмасы беріледі
5. Үй тапсырмасы
МS Access бағдарламасы бойынша бақылау жұмысына дайындалу
Қарағанды қаласы

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет