Сабақтың тақырыбы: «Қобыланды батыр»


«Қобыланды батыр» жырының



бет2/4
Дата04.11.2023
өлшемі1,84 Mb.
#121901
түріСабақ
1   2   3   4
«Қобыланды батыр» жырының
ең көне түрі бізге жетпеген. Өйткені жырды жырлаған ақын, жырау, жыршылар өзі өмір сүрген дәуір тұрғысынан толықтырып,
өңдеп отырған.
«Қобыланды батыр» жырының бірнеше нұсқасы бар. Аталған жырды Марабай жырау, Мергенбай жырау, Біржан Толымбайұлы, Мұрын Сеңгірбайұлы сынды жыршы- ақындар жырлаған.

«Қобыланды батыр» жыры


Қарақыпшақ Қобыланды –батыр, тарихи тұлға
Тарихи деректер бойынша Көшпелі өзбек мемлекетінің негізін қалаушы Әбілқайыр ханның бас батырларының бірі болған.
Шамамен ХV ғасырда өмір сүрген
Қазақ шежіресіне сүйенсек, Қобыланды Қарақыпшақтан тараған Тоқтарбайдан туған.
Қарақыпшақ Қобыланды батырдың аңыздық негізде қиялдан туған кейіпкер емес, өмірде болған, ерлік істерімен еліне танылып, құрметіне бөленген батыр
Қобыланды-туған жерін жаудан қорғаған қаһармандықтың символы, яғни, қайсар рухтың символы.

Білгенің жөн


Композиция дегеніміз латынша құрастыру, қиыстыру деген мағынаны береді. Көркем шығарманың құрылысы, яғни шығарманың оқиғасы, тілі, автор сөзі, кейіпкер пішіні, кескін-келбеті, мінез-құлқы, сөйлеген сөзі, жалпы алғанда, қажетті материалдардың бірлігі. Композиция кез келген шығармада болады.
Сюжет дегеніміз французша зат деген мағынаны береді. М.Горькийдің сөзімен айтқанда:" Сюжет дегеніміз—адамдардың өзара қарым-қатынасы, байланысы, қайшылықтары, жек көру, жақсы көру, әр характердің, типтің өсуі, жасалу тарихы."
"Қобыланды батыр" жырында оқиғаның дамуы оған қатысушы адамдардың өзара байланыста, қарым-қатынаста, күрес, тартыстарда болатынын көреміз. Қимыл, іс-әрекет, талас-тартыс үстінде әркімнің мінезі, наным-сенімдері, күйініш-сүйініштері айқындалады және сол адамдардың қарым-қатынастарына жырды бізге жеткізуші, айтушының қалай қарайтын ойы, көзқарасы да сезіледі. Осылардың бәрін бір сөзбен шығарманың сюжеті деп атайды.

Анықтама бұрышы Сюжеттің негізгі элементтері


1. Экспозиция-түсіндірме- шығарманың жай-жапсарын таныстыру мақсатында айтып, негізгі әңгімеге көшеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет