Сабақтың тақырыбы: Қолжетімді ақпараттың негізінде мәліметтерді талдау



Дата28.02.2022
өлшемі224,12 Kb.
#26623
түріСабақ
Байланысты:
Инф 3.3


Қысқа мерзімді жоспары

Бөлім




Педагогтың аты-жөні




Күні




Сынып 8

Қатысушылар саны




Қатыспағандар саны




Сабақтың тақырыбы:

Қолжетімді ақпараттың негізінде мәліметтерді талдау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары


8.2.2.3 Электронды кестені қолдана отырып есептерді шешуде кірістірілген функцияларды қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар:

Электронды кестені колдана отырып есептерді шешуде кірістірілген функциялармен жұмыс істей алу

Көптеген оқушылар:

статистикалық функцияларды және қаржылық функцияларды пайдаланып жұмыс жасау.

Кейбір оқушылар:

уақыт және мерзім функциясын пайдалана алу


Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру. Сәлемдесу.

«Суретпен байланысты тілек» тренингін ұйымдастыру.



  1. Шеңбер жасату.

  2. Стикерлерге салынған әр түрлі суреттерді ұсыну.

  3. Суретті не үшін таңдағанын білу.

  4. Суретпен байланысты айтқан тілектерін тыңдау.

Қолдарындағы стикерлердегі суреттерге қарай топқа бөлінеді

І-топ Статистика

ІІ-топ Қаржы

«Конверт» әдісі арқылы үй тапсырмасын пысықтау.



  • Үяшықты пішімдеу деген не?

  • Үяшықты пішімдеудің қандай тәсілдерін білесіз?

  • Неліктен электронды кестеде үяшықты пішімдеу қажет?

Смайликтер арқылы бағалап барамын.

1.Мұғаліммен амандасады.

2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.

Сабақтың мақсаттарымен танысады.

3.Оқушылар шеңбер құрады.

4.Өзара талқылап, ойларымен бөлісіп, стикерге ортақ ойларын жазады, пікірлерін қорғайды.


Конвертке салынған сұрақтар


1 балл

Стикер


Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты ашу: «Миға шабуыл» (әдіс) Қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша немесе ауызша ой салу.


Қалыптастырушы бағалау

(Жарайсың, жақсы, өте жақсы)

Топтық жұмыс

Проблемалық жағдаят тудыру

«Джигсо» әдісін қолданып, өз ойларын ашық жеткізу
Әр топ өз топтарының атымен аталатын мамандықтарды талдайды, салыстырады, жалпылама ойлау сатыларынан өтіп, шығармашылық жолмен игеруге мүмкіндік алады.

Дескриптор


  • Функция қызметін біледі

  • Статистикалық, қаржылай функция жұмысын істей алады

«Бесбармақ» әдісі арқылы білім алушылар өздерін бағалап барады

«Кім шебер» әдісін қолданып



Практикалық тапсырма. Жеке жұмыс

Компьютерде орындау.



I-тапсырма. А1:А5 ұяшықтарында 10, 7, 9, 27 және 2 мәндері берілген. Мына функциялардың мәні неге тең болады?

=МИН(А1:А5)=>



=МИН(А1:А5;0)=>

Дескриптор:

  • Кірістірілген функцияларды дұрыс қолданады.

  • Функция мәндерін дұрыс табады.



II-тапсырма

«Жұмсақ жиһаз тапсырыс» кестесі берілген. Барлығы тақырыптар бағанында есептеулер жүргізіңдер. Тапсырыстың ең кіші, ең үлкен және орташа бағасын анықтаңдар.

Дескриптор:

  • Қаржылық фукциян қолдана отырып кестедегі оқушылардың эффектін анықтайды.

  • Оқушылардың бағалар санын статистикалық функциялар арқылы анықтай алады

Смайликтер арқылы бағалау

Кей бір оқушылар үшін

ІІІ- тапсырма

Егер 520000 теңге 11% жылдық үстемемен 20 жылға салынса,онда сіздің есеп-шотыңызда қанша сома болатынын анықтаңыз және осы соманы жылына 13% 17 жылға салғандағы пайдамен салыстырыңыз. Ай сайын пайыздық үстеме есептелініп қосылады.


Дескриптор:

  • Уақыт және мерзім функцияларының қызметін біледі

  • Функцияны кестеде қолдана алады.

  • Мәліметтерге байланысты кестеде талдау жүргізеді және дұрыс қорытынды шығарады.

«Температураны өлшеу» әдісі арқылы жеке жүмысты дәптерде бағалап барамын.










Оқулықпен жұмыс






Сабақтың соңы

Жаңа сабақты пысықтау үшін осы тақырыптағы функциялар және олардың қызметтері қайта аталып өтіледі.

Бір кірістірілгени функция категориясын таңдап, оның функцияларына анықтама беріп, талдаңдар.



Кері байланыс: «Рефлексия пирамидасы»










стикерлер


Үй тапсырмасы

Шығармашылық жұмыс:

Математикалық, мерзім және уақыт функция категорияларына тапсырма құрастыру












Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет