Сабақтың тақырыбы: Өлшеу нәтижесінен алынған сандарды бір таңбалы санға көбейту, бөлу Сабақтың мақсаттары



бет3/4
Дата08.02.2023
өлшемі330,19 Kb.
#66137
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
матем 26.01

3м 4дм = 34дм
3км 400м = 3400м


(Оқушылар кезекпен шығып әйнекшелерді толтырады. Сандар жазылған қағазды желімдеп жапсырады).
Қала тұрғындары жауаптарыңа риза, сендерге өз сәлемдемелерін жолдады.

  1. Сергіту сәті «Қара жорға биі»

Саяхатымызды жалғастырамыз....
Петропавл қаласына бет алайық.
– Керуен, керуен, көш керуен
Көкшедегі көш керуен.
Ата салтын сақтаған
Қош келдің, көш керуен.
(Петропавл қаласы керуенді өлеңмен қарсы алады).
– Петропавл қаласында үлкен той-думан. Тойға келген әйел затына дорба, қалта таратылады. Ер адамдарға жол беріледі. Бізге бұл тойдан не бұйырады?
– Петропавл қаласының қоржынындағы тапсырма сөзді есеп.
421 есеп (сөзді есеп)
Орамда 30м мата бар. Осы орамнан 5 жаялық тігу үшін, әрбіреуіне 1м 80 см есеппен мата алынды. Сонда матадан қанша метр қалдық қалды?
Бірілгені:
Барлығы – 30м мата
5ж – әрбіреуіне 1 м 80 см
Қанша метр мата қалды - ?
Шешуі:
1 амал:
1м 80 см * 5 =

1м 80 см = 180см
180 см * 5 = 900см = 9м
2 амал:
30м – 9м = 21м
Жауабы: Орамда 21м мата қалды.

Бұл қаланың тапсырмасын да орындадық. Қала тұрғындары сендерге риза.

Шаршаған болсақ қолымызға жаттығу жасап алайық
Шөлдедік, сусағанымызды Атырау қаласына барып басайық. Қазақ халқының қандай сусындарын білесіңдер?
(қымыз, шұбат, айран, шалап...)
Атырау қаласында қоржынына қол салайық
Қоржын ішінде нөмірленген асықтар.
Өлшеу нәтижесінен алынған сандарды бір таңбалы санға бөлуге байланысты есептер(әрбір топ қоржыннан бір-бір асықтан алып есеп шығарады )
Оқулықпен жұмыс. Өлшеу нәтижесінен алынған сандарды бір таңбалы санға көбейтуге байланысты есептер(әрбір топ қоржыннан бір-бір асықтан алып есеп шығарады )


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет