Эпитеттер- жаймашуақ сәт, төңкеріліп тұрар аспан, бейбіт күннің шуағы, тас үңгір, көк мұнар дүние.
Теңеулер - табанға кілемдей жұмсақ тию, ұлардай шулап, ұядай қылып жинау, Алтайдың шолпысындай жарқыраған Бұқтырма.
Фразеологизмдер - Қой аузынан шөп алмас, ит басына іркіт төгу.
3-тапсырма. Әңгіменің композициялық құрылысына талдай отырып, сәйкестендіріңіздер
Сюжеттің басталуы- Салықсалған ауылының көрінісі
Сюжеттің байланысы- Тортай мен Ораштың достығы
Сюжеттің шиеленісуі- Тортайдың үйінен кетуі
Сюжеттің шегі- Тортайдың түсі
Сюжеттің шешімі- Тортай мінер ақ боз ат... Менің тақымымда кеткендей еді...
4-тапсырма. С Мұратбеков Жусан иісі шығармасындағы Аян мен Тортай байнесіне талдау
«Венн диаграммасы» бойынша екі бейнені салыстыру
5-тапсырма. «Сөздікпен жұмыс»
Күлтеленген – жібек пен қыл тәрізді заттарды тегістеп шоқтау, біркелкі етіп кесу.
Күреңсе–саздау жерге шығатын шабындық шөп.
Жемтір-жемтір – жұлма-жұлма.
Кеспелтек – жуантық келген қысқа
6-тапсырма. «Кім жылдам?»
Оқушылар тақтада берілген кездейсоқ сұрақтарға қол көтеру арқылы жауап береді.
7-тапсырма. Автордың орынында болсаңдар, тас күркеде қамыққан Тортайға қандай ақыл-кеңес берер едіңдер?
III. Ой толғаныс - Балалар, сонымен бүгін не үйрендік, не білдік?
- Шығарманың сіз үшін тәрбиелік мәні қандай болды?
Рефлексия:«Бағдаршам»
Маған түсінікті - жасыл
Менің сұрағым бар - сары
Мен түсінбедім - қызыл
Үйге тапсырма: «Бұл дүниеде пір тұтар, жалғыз-ақ нәрсем бар ол - кітап»-, дейді Тортай. Сендер нені пір тұтасындар? Неліктен? Аргументтер келтіріп ойтолғау жазындар.