Сабақтың тақырыбы: 14(ІV) топ элементтері және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері. №10 зертханалық тәжірибе "Қорғасын, қалайы және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері"
Бөлім:
11.3B 14-топ элементтері
Педагогтің аты-жөні:
Күні:
Сыныбы:
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы:
14(ІV) топ элементтері және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері. №10 зертханалық тәжірибе "Қорғасын, қалайы және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттері"
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
11.2.1.2 14 (ІV) элементтерінің және олардың қосылыстарының химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеулерін құрастыру;
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: 14топ элементтері оттегімен, хлормен және сумен реакцияларын анықтайды
Көпшілік оқушылар үшін: 14 топ элементтер хлоридтерінің тұзбен, негізбен және сұйылтылған қышқылдармен реакциясын анықтайды
Кейбір оқушылар үшін: Химиялық формулаларды пайдаланып есептер шығарады
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.