9.4.3.5 -органикалық қосылыстардың негізгі кластары: алкандар, алкендер, алкиндер,арендер, спирттер,альдегидтер, карбон қышқылдары, аминқышқылдары үшін IUPAC номенклатурасын қолдану
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар үшін: Органикалық қосылыстардың номенклатурасын анықтайды.
Көпшілік оқушылар үшін: Органикалық қосылыстардың негізгі кластарына IUPAC номенклатурасын қолдану
Кейбір оқушылар үшін: IUPAC номенклатурасын қолданылуын біледі
Құндылықтарға баулу:
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.