Бөлім:
|
Оттекті және азотты органикалық қосылыстар
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сыныбы:
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Оттекті органикалық заттар. Спирттер
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
9.4.3.18 -оттекті органикалық заттардың жіктелуін білу;
9.4.3.19 -спирттердің жіктелуін, метанол мен этанолдың қолданылуын,этанолдың алынуын білу және қасиеттерін түсіндіру;
9.4.3.20-метанол мен этанолдың адам ағзасына физиологиялық әсерін түсіндіру;
9.4.3.21 этиленгликоль мен глицериннің физикалық қасиеттері мен қолданылуын білу;
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар үшін:
Оттекті органикалық заттардың жіктелуін сипаттайды
Көпшілік оқушылар үшін:
Спирттердің жіктелуін, метанол мен этанолдың қолданылуын,этанолдың алынуын анықтайды
Кейбір оқушылар үшін:
Метанол мен этанолдың адам ағзасына физиологиялық әсерін сипаттайды
|
Құндылықтарға баулу:
|
«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.
|