Сабақтың ортасы
(20 мин.)
|
І. Жаңа сабақ. Жеке жұмыс
1-мысал.
1, 1, 1, 1, 2, 3, 3, 3, 4, 4 вариациялық қатары үшін жиіліктер кестесін(1-кесте) қалай құрылғандарын оқушылар түсіндіреді.
1-кесте.
Варианта
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Варианта жиілігі
|
4
|
1
|
3
|
2
|
Жинақталған жиілік
|
4
|
5
|
8
|
10
|
Осылайша жаңа сабақты түсінуге «миға шабуыл» жасалады.
2-мысал.
Оқушылардың оқу жылдамдығын зерттеу барысында алынған мәліметтер 2-кестеде берілген.
2-кесте
Бір минуттағы оқылған сөз саны
|
175-180
|
180-185
|
185-190
|
190-195
|
195-200
|
200-205
|
Оқушылар саны
|
10
|
30
|
35
|
30
|
10
|
5
|
Жинақталған жиілік
|
10
|
30
|
55
|
85
|
95
|
100
|
55-ке тең жинақталған жиілік 100 оқушының ішінен 25 оқушының оқу жылдамдығы минутына 190 сөзден артық еместігін көрсетеді.
Берілген варианталар жиіліктері мен оларға сәйкес алдыңғы варианталардың жиілігінің қосындысының мәнін жинақталған жиілік деп атайды.
Сергіту сәті. «Атомдар мен молекулалар»
ІІ. «Сиқырлы конверт» әдісі
І есеп:
Аудандары 300 м2, 100 м2, 100 м2, 500 м2, 200 м2, 200 м2, 200 м2, 100 м2, 200 м2, 300 м2, 400 м2, 500 м2 болатын дүкендердің әр ауданы үшін жинақталған жиілік табыңдар.
Қанша дүкеннің ауданы 300 м2-ден артық емес?
Қандай ауданмен дүкендер саны ең көп?
Ауданы 200 м2 болатын дүкендер саны жалпы дүкендер санының қандай бөлігін құрайды?
ІІ есеп:
Аудандары 8000 м2, 4800 м2, 4800 м2, 7600 м2, 6800 м2, 6800 м2, 6800 м2, 6800 м2, 4800 м2, 8000 м2, 4800 м2, 6000 м2 болатын спорт алаңдарының әр ауданы үшін жинақталған жиілік табыңдар.
Қанша спорт алаңдарының ауданы 6000 м2-ден артық емес?
Қандай ауданмен спорт алаңының саны ең көп?
Ауданы 4800 м2 болатын спорт алаңдарының жалпы спорт алаңдарының санының қандай бөлігін құрайды?
ІІІ есеп: Кестеде Қазақстан Республикасының Үлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің сайтынан алынған мәліметтер келтірілген.1)Кестені толтырыңдар:
Жылдар
|
2005-2009
|
2009-2013
|
2013-2017
|
Қазақстан халқының өсуі(адам)
|
907803
|
927406
|
1134848
|
Жинақталған жиілік
|
|
|
|
2)егер 2005 жылы халық саны 15074767 болса,онда а) 2009 жылдың; ә)2013 жылдың; б) 2017 жылдың 1 қаңтарында Қазастан халқының саны қандай?
Қалыптастырушы бағалауға есеп.
Тапсырма. Алматы қаласындағы шағын аудандардың біріндегі пәтерлердің ауданы туралы мәлімет төмендегі гистограммада көрсетілген.
а)Егер таңдамада барлығы 1500 пәтер болса онда гистограммада көрсетілген әрбір интервалдың орташа мәніне абсалютті және жинақталған жиліктер кестесін құрыңыз.
б) ауданы ең үлкен пәтерлердің саны қанша?
с) зеріттеліп отырған шағын аудандағы пәтерлердің орташа ауданын табыңыз.
Дескриптор:
-абсалютті жиілік кестесін құрады;
-жинақталған жиіліктер кестесін құрады;
-ауданы ең үлкен пәтерлер санын анықтайды;
-әрбір интервалдың орташа мәнін табады;
-интервал орташа мәнін жиілікке көбейтіп, оларды қосады;
-пәтерлердің орташа ауданын табу үшін барлық пәтерлер санына бөледі.
ҚБ «Ойлан,тап,шеш»
Барлық сынып оқушыларына есеп экраннан көрсетіледі. Оқушылар орындап болғаннан кейін, тапсырмаларын топпен алмасып, бірін-бірі бағалайды. Тапсырмалар топтың өзіңе келгеннен кейін мұғалім дұрыс, жауап пен бағалау дескрипторларын экранға шығарады.
Есеп.Мектепте оқылатын барлық оқу пәрдерінің тізімін құрыңдар және олардың аптасына неше рет болатынын анықтап, жиілік кестесі мен гистограммасын дәптерлеріңе салыңдар.
Дескриптор:
-пәндер тізімін құрады;
-санын анықтайды;
-абсалютті жиілік кестесін құрады;
-жинақталған жиіліктер кестесін құрады;
-гистограммасын салады.
|
|
Саралау тәсілдері: тапсырма, диалогқа түсу және қолдау, жіктеу, қарқын. Оқушыны мақсатқа жеткізу барысында диалог және жеке тапсырмалар тәсілін қолданамын
|
«Миға шабуыл». Берілген жауаптары бойынша оқушылар келесі топты бағалайды,
«Сиқырлы конверт» әдісі,
«БББ кестесі»әдісі арқылы кері байланыс аламын
Дескрипторы бар тапсырмалар құрастырдым
|
Оқушыларды топтастыру кезінде денсаулықтарын ескеремін.
Сергіту сәтін өткізу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаймын.
|