Сабақтың тақырыбы: Ортағасырлық саяхатшылардың Қазақстан туралы мәліметтері



Дата11.10.2024
өлшемі24,44 Kb.
#147614
түріСабақ
Байланысты:
Дидактикалық материал 2-cабақ


Сабақтың тақырыбы: Ортағасырлық саяхатшылардың Қазақстан туралы мәліметтері
Зерттеу сұрағы: Ортағасырлық саяхатшылар Қазақстанды қалай сипаттады?
Дидактикалық материалдар
2-сабақ
Оқу мақсаты:
6.4.1.2 – көшпелілердің шаруашылық өмірінің ерекшеліктерін анықтау;
6.2.2.5 – көшпелілердің қолданбалы өнер жетістіктерін сипаттау


В. Рубрук:
Көшпелілердің тұрғын-үйлері – киіз үйді былай жасайды: тал шыбықтан тоқылған керегені дөңгелек етіп орналастырады. Керегеге тал шыбықтарды (уық) жалғайды. Тал шыбықты дөңгелек ағашқа (шаңырақ) тағады. Үйдің ағаш бөлігін тұрғызып, оны ақ киiзбен жабады. Ол жарқырап тұру үшiн киiзге әктің, топырақтың және сүйектiң ұнтағын жағады. Олар қара киiздi де пайдаланады. Киiздiң жоғарғы жағын (үздік) әдемi және әртүрлi өрнек-оюлармен безендiредi. Түрлі түсті киіз жасап, оған ою-өрнек, ағаштың жапырағын, аң құстардың суретін салады. Кейбір үйлердің ені отыз футқа (9 метр) жетеді.
Үйлер арбаға орналастырылады. Бір арбаны 22 өгіз тартады. Олар киімдерін Қытайдан алады. Парсы және өзге оңтүстік елдерінен жібек пен алтын материалдарын, жазда киетін киімдерді алады. Руссия, Моксел, Ұлы Бұлғария, Паскатир, яғни Ұлы Мажарлар, Керкистен және солтүстіктің басқа да көптеген елдерінен қымбат тері бұйымдары әкелінеді. Мұндай заттарды біздің елден ешқашан көрмедім.


Ибн Баттута:
Орда орналасқан жерге рамазан айында (мамыр, 1334 жылы) келдік. Біз жылжып бара жатқан үлкен қаланы көрдік. Мұнда базарлар, мешіттер бар. Дала асханасы арбалардың үстіне орналастырылған. Дала асханасында қозғалыс үстінде де тамақ дайындалады. Аялдайтын жерге жеткенде, арбадан түсіріліп жерге қойылады. Мешіттерді де, дүкендерді де осылай алып, салып жүре береді.

Пирамида әдісі арқылы ақпаратты талдау.
Саяхатшылардың еңбектері біздің тарихымыз үшін қаншалықты құнды деп ойлайсыз?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет