Мұғалімнің аты-жөні:
|
Қалықбаева Ақерке Қошқарбайқызы
|
Пәні/Сынып:
|
Жаратылыстану / 2
|
Қай аптаның нешінші сабағы:
|
3-інші апта, 3-інші сабақ
|
Тарау немесе бөлім атауы:
|
Өсімдіктер
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Өсімдік бөліктері қандай қызмет атқарады?
|
Оқу мақсаты:
|
Өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттау; Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;
|
Бағалау критерийі:
|
Өсімдіктің негізгі бөліктерінің қызметін сипаттайды;
Өсімдіктердің әртүрлі жағдайларда өсу мүмкіндіктерін зерттеу;
Құрылған жоспарға сәйкес қорытынды жасайды.
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
|
Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
Уақыты
|
Кезеңдері
|
Тапсырма
|
Тапсырманың мақсаты
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
1 минут
|
Ұйымдастыру
Алдыңғы білімді еске түсіру
- Өсімдік әлемін қалай сақтауға болады?
|
Тақырып, мақсаттармен таныстыру
Өсімдіктерге қамқорлықпен қарау қажет. Көшет отырғызып, күтіп- баптаған дұрыс.
1.Ағашты шаппа.
2.Гүлдерді себепсіз үзбе.
3.Өсімдіктерді таптама.
4.Дәрілік өсімдіктерді жұлма.
5.Тозаңдатқыш жәндіктерді аулама.
|
Не меңгеретінін білу үшін
Өсімдіктердің тірі ағза екенін біледі, негізгі бөліктерін атай алады, мәдени және жабайы өсімдіктерді ажырата алады. Өсімдіктердің тіршілігіне қажет жағдайларды түсінеді, оларға күтім жасай алады.
|
|
Презентация № 1 бет
|
7-8 минут
|
Жаңа сабақ
Суретпен жұмыс
Өсімдіктің сабағы, жапырағы, гүлінің суреті. - Суреттер ненің бейнесі болуы мүмкін? - Бұлардан басқа өсімдіктің тағы қандай мүшелері бар?
Тамырына қарап өсімдіктің қандай жерде өсетінін анықтауға бола ма?
|
Жаңа сабақты цифрлық ресурстар арқылы түсіндіру
Тұжырым: тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым-өсімдіктің бөліктері.
Жер бетінде өсімдіктердің 400 мыңға жуық түрлері бар. Олар әртүрлі болуы мүмкін: кейбіреулері өте биік немесе өте аласа, көзге көрінбейтін өте ұсақ болуы да мүмкін. Бірақ олардың барлығына ортақ ұқсастық – олардың бөліктері.
Өсімдік мүшелеріне – тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жемісі жатады. Өсімдіктің әр мүшесінің атқаратын қызметі бар.
Сабақ- өсімдіктің жер бетіндегі бөлігі. Сабақ - өсімдіктің барлық мүшелерін байланыстырып қорек таратады. Сабақтар қатты, жұмсақ, иілгіш, сынғыш болады. Сабақ - өсімдіктің жер асты мүшелерімен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек.
Тамыр - өсімдіктің топырақтағы бөлігі. Ол топырақтан су мен қоректік заттарды сіңіреді.
Тамырлардың түрлері. Өсімдік тамырының пішіні, жуандығы мен ұзындығы әртүрлі болады. Бұл топырақтың қаттылығына, жұмсақтығына және ылғалдығына байланысты. Мысалы, шөл өсімдіктерінің тамырлары ұзын болады. Себебі олар суды тереңінен алады.
Жапырақ – қорек жасайды, суды буландырады. Жапырақ өсімдіктің тыныс алатын басты мүшесі.
Жапырақтардың пішіні мен көлемі әртүрлі болады. Олардың көмегімен өсімдік қоректенеді әрі тыныс алады. Өсімдікте гүлі мен жемісі, тұқым болады.
Өсімдік гүлінің орнына жеміс пайда болады. Жемістің ішінде тұқым пісіп-жетіледі.
Тапсырма. Семантикалық карта
Өсімдіктің бөлігі
|
Өсімдіктің барлық мүшелерін байланыстырып қорек таратады
|
Өсімдік гүлінің орнына пайда болады
|
Топырақтан су мен қоректік заттарды сіңіреді
|
| |