Сабақтың тақырыбы: Отынның жануы және энергияның бөлінуі Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет1/2
Дата05.12.2022
өлшемі162,93 Kb.
#55057
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Қмж


Бөлім:

8.2C Химиялық реакциядағы энергиямен танысу

Педагогтің аты-жөні:

Турғунбаева Д

Күні:

29.11.2021ж

Сыныбы: 8 ә, б

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Отынның жануы және энергияның бөлінуі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.3.1.1 -заттың жану реакциясының өнімі көбінесе оксид екенін және құрамында көміртегі бар отын оттекте жанғанда, көмірқышқыл газы, иіс газы немесе көміртек түзілетінін түсіну
8.3.1.2 -парниктік эффекттің себептерін түсіндіру және шешу жолдарын ұсыну

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Заттар жанған кезде энергия бөлінетіндігін түсінеді
Көпшілік оқушылар үшін:
Жылыжайлық эффектіcінің себептерін түсіндіреді.
Кейбір оқушылар үшін:
Жанғыш заттармен таныс.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.

Топ ережесін еске түсіру.


Топтастыру.



Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:
Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.
I – Сұйық отын тобы
II – Қатты отын тобы
III – Газ отын тобы



Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.



Фигуралар салынған конверт






(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.



1.Зат мөлшерінің өлшем бірлігі ?
2.Көлемдік қатынас заңын ашқан ғалым?
3.Реакция теңдеуін теңестірген кезде қойылатын сандар қалай аталады?
4.Авагадро тұрақтысы?
5. Қалыпты жағдайда көлем нешеге тең?
6. Тығыздықтың өлшем бірлігі?



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.



Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
15 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді




Суреттегі заттарды қандай сөз біріктіреді?





Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады



Дескриптор:
1.Суреттегі отын түрлерін айтады
2.Суреттерді біріктіретін ортақ сөзді табады



Презентация

Топтық жұмыс
6 мин

Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

Кестені толтыр. Жану реакциясы нәтижесінде бөлінген газдардың тірі организдерге, қоршаған ортаға әсерін түсіндіріңіз.
Отын түрлері
Жану реакциясы
Реакция өнімі

Дескриптор:
1.Жану реакцияларын жазады, түзілген өнімді атайды.
2.Жану реакциясы нәтижесінде бөлінген газдардың тірі организмге, қоршаған ортаға әсерін түсіндіреді.

ДК экраны
8-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.

Жеке жұмыс
5 мин

Тапсырмалар айдарындағы 2-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

«Жабық сұрақ» әдісі.
Барлық оқушылар сұрақтарға жауап жазады. (Жеке жұмыс).
1-тапсырма.
Отын деп жанғыш заттарды атаймыз. (иә)
2-тапсырма.
Отын тек қана қатты агрегаттық күйде болады. (жоқ)
3-тапсырма.
Жану реакциясы оттегі қатысында жүреді. (иә)

Дескриптор:


Дескриптор. Білім алушылар:
1.Отынның жанғыш заттар екенін түсіндіріп айтады.
2.Отынның агрегаттық күйлерін біледі.
Жану реакциясы оттегі қатысында жүретінін біледі.

ДК экраны
8-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы
й толғаныс.
Рефлексия
7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет