СабақТЫҢ тақырыбы оқу мақсаты Бүгінгі сабақта



Дата15.11.2023
өлшемі1,53 Mb.
#123664
түріСабақ

ҚАЗАҚ ТІЛІ
5-СЫНЫП
бөлім. «Қиял әлемі. Морфология »
Қиял арманға жетелейді

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ
Оқу мақсаты
Бүгінгі сабақта
Мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау.

5.3.6.1 – мәтіндегі орфаграфиялық қателіктерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау.
5.4.4.2 – зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.

Бағалау критерийі

Барлығы: зат есімнің жіктелуі туралы мәліметті меңгереді.
Көбісі: мәтіндегі орфографиялық қателерді табады.
Кейбірі: қателерді түзетеді және редакциялайды.

Ой шақыру
Марстағы фермер
Робот құрастырғыш
Аватар операторы
Адам жадын өшіргіш
Адам түсін сорғыш
Онтоинженер
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға.
Мұхтар Шаханов
Олай болса, арман деген не, сіздер қалай ойлайсыздар?
Мәтінді оқыңыз.
1-тапсырма. Мәтіндегі орфографиялық қателерді тауып, редакциялаңыз .
Ұшар ханның баласы
Баяғы өткен заманда Ұшар қан деген хан болыпты. Сол хан жас кезінде ай десе аузы, күн десе көзі бар, асқан тамаша бір сұлұу қызға ғашық болады. Қызды іздеп, жер бетінен еш таба алмайды. Хан қызды таба алмаған соң, бір өнөрпаздан оқып, аспанға ұшу өнерін үйренеді. Сол өнөрі бойынша аспанға ұшып, қызды отыз жыл іздеп, қолына түсүре алмайды. Қыздың ұстатпайтынына көзі жеткен соң, хан қыздың суретін іздеп тауыб алады да: «Қой, жас болса өтөп барады, енді әйел алып, үй болатын уақыт жетті»,—деп басқа әйелге үйленіп өмір сүре береді. Күндерде бір күн алған әйелінен бір ұл туады. Ұлының атын Жандыбатыр деп қояды. Жандыбатыр ержетіп, ом бес-он алтыға келеді. Сол кезде балаға бақ қонұп батыр болады, өзі алпауыт дәу болады, отырған орнынан жетпіс кісі тұрғұза алмайтын болады.....
Мәтінді оқып,қателерін табады;
Дескрипторы
1
2
Мәтіндегі қателерді сөздікке сүйеніп редакциялайды
Өзіңді тексер!
Суреттердің тақырыптары: махаббат, еркіндік, достық, өлімнен кейінгі өмір, және т.б.
Суретшінің мақсаты: әрбір картинасы әсем әуен мен өрнекті өлең секілді көңіл пернесін дәл басып, тарихтан сыр шерткенін қалады.
Баяғы өткен заманда Ұшар хан деген хан болыпты. Сол хан жас кезінде ай десе аузы, күн десе көзі бар, асқан тамаша бір сұлу қызға ғашық болады. Қызды іздеп, жер бетінен еш таба алмайды. Хан қызды таба алмаған соң, бір өнерпаздан оқып, аспанға ұшу өнерін үйренеді. Сол өнері бойынша аспанға ұшып, қызды отыз жыл іздеп, қолына түсіре алмайды. Қыздың ұстатпайтынына көзі жеткен соң, хан қыздың суретін іздеп тауып алады да: «Қой, жас болса өтіп барады, енді әйел алып, үй болатын уақыт жетті»,—деп басқа әйелге үйленіп өмір сүре береді. Күндерде бір күн алған әйелінен бір ұл туады. Ұлының атын Жандыбатыр деп қояды. Жандыбатыр ержетіп, он бес-он алтыға келеді. Сол кезде балаға бақ қонып батыр болады, өзі алпауыт дәу болады, отырған орнынан жетпіс кісі тұрғыза алмайтын болады.....

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет