Сабақтың тақырыбы: Өз тіліңмен сөйлеу – елге деген құрмет Сабақтың мақсаты: а білімділік


«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезең



бет3/5
Дата26.06.2023
өлшемі35,19 Kb.
#103462
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Өз тіліңмен сөйлеу - елге құрмет тәрбие сағаты

«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезең.

Ал, балалар, енді бәріміз түгелдей назар аударып мына мақал- мәтелдің, қанатты сөздердің жалғасын табуымыз керек.
«Зерек» тобы
Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес …. (Өзге тілде ойлау қауіпті)
Тілі өлген ел…(тірі өлген ел)
Ойнап сөйлесең де … (ойлап сөйле)
Айтылған сөз … оқпен тең (атылған)
Таза сөйлеу – биік… (мәдениеттілік)
«Зерде» тобы
Тіл ұлттың сүйенетін тамыры,… (сынайтын тәңірі)
Өз тілің бірлік үшін-…(өзге тіл тірлік үшін)
Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі … (ой өсіреді)
Ел тірегі - …. (тіл)
Тіл - өлшеусіз қазына, …. (өрісі кең әлем)
Жылы-жылы сөйлесең , жылан ...(інінен шығады)
«Кім білгір» кезеңі
«Зерек» тобы

  1. Тіл туралы заң қашан қабылданды? (1997 жыл 11 шілде)

  2. Өлеңнің авторы кім?

Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте. (Қадір Мырза Әлі)

  1. Мемлекеттік Елтаңбамыздың авторы кім? Және онда не бейнеленген?

(Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Елтаңбада қанатты пырақ, күн сәулесі , жұлдызша, шаңырақ)
4. Білім сөзін үш тілде айт (Білім, знание, knowledge)
5. Көп тіл білетін адамды қалай атайды? (Полиглот)
6. «Үш бақытым» өлеңінің авторы кім? (Мұқағали Мақатаев)
7. Қазақ әліпбиінің негізін қалаған кім? (Ахмет Байтұрсынов)
8. Қарым-қатынас жасаудың негізгі құралы не? (Тіл)
9. Қазақстан жерінен өткен жол?( Жібек жолы)
10. Жүз жасаған ақын ( Жамбыл Жабаев)

«Зерек» тобына рақмет.


Келесі «Зерде» тобы.
1. Мемлекеттік туымыздың авторы кім? және онда не бейнеленген? (Шәкен Ниязбекеов. Туда аспан, күн қыран, қошқармүйіз ою)
2. Қазақша қандай өлшем атауларын білесің?( уыс, шөкім, елі, қарыс)
3. Сенің анаңның туыстары саған кім болады және әпкеңнің бала-шағасы кім болады. (нағашы, жиен)
4. Атын атауға тыйым салынған сөздер тіл білімінде қалай аталады? (Табу)
5. Өлеңнің авторы кім?
Күш кеміді айбынды ту құлады,
Кеше батыр, бүгін қорқақ бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған жүрек солғын соғады. (Мағжан Жұмабаев)
6. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын – тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, Алаш арысы, ұлт ұстазы кім? (Ахмет Байтұрсынов)
7. Бүгінгі таңдағы тіл жанашырларынан кімдерді білесің? (Шерхан Мұртаза, Бекболат Тілеуханов)
8. «Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім? (Ш.Қалдаяқов)
9. Қазақша жыл атаулары мен мүшел жастарды ата ( Жыл аттары: Мешін, тауық, сиыр, барыс, ит, жылқы, қоян, жылан, тышқан, ұлу, доңыз, қой. Мүшел жастар: 13, 25,37,49, 61,73, 85, 97,109 т/б)
10. Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады? (Қыпшақ)
Мұғалім:
Ендеше, кім бізге өзінің жадында жүрген асыл сөздерді айтып береді?Мақалдан соң кезекті ақындардың асыл жырларына берсек. Тіл туралы тебіренбеген жан кемде –кем. Қане, кім бізге тіл туралы жыр оқып береді?
Елбасымыз айтқандай, «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде». Ендеше, тілімізді ұлтымызды, отбасымызды қадірлегендей қадірлейік!

Мұғалім: Жарайсыңдар балалар! Халқымыздың кемеңгер жазушысы Ғ.Мүсірепов атамыз: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Ана тілін өгей ұлдар ғана менсінбейді» деген, сондықтан өз тілімізге, өз ұлтымызға өгей болмайық, достар! Біздің ана тіліміз- қазақ тілі. Ол тек отбасы, ошақ қасының ғана емес, мемлекеттік тіл. Міне, осыны бір сәтке де естен шығармауымыз керек!
Біздер «Жылы лебіз» стратегиясы бойынша өз ана тілімізде бір- бірімізге тілек айтып көрелік: (парталас көршісіне арнап тілек айтады)


Қорытынды


Мұғалім: (Оқушылармен бірге)
Туған тілім- тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!
Мұғалім: Ата- бабамыздың асыл аманатын, үкілі үмітін ақтайық.Сонда ғана болашағымыз жарқын, тіліміздің мәртебесі биік болмақ!


Мінекей балалар, Тіл – халықтың жаны демекші әр халық өз ана тілін ешқашан ұмытпауы тиіс. Ертеңгі болашағымыздың иесі сендер болғандықтан өзіміздің ана тіліміз – қазақ тілі екендігін естен шығармаңдар. Тілімізді қадірлеп, қастерлей білесіңдер деген ниетпен бүгінгі оқу қызметімізді аяқтаймыз. Келген қонақтарымызбен қоштаспай әрі қарай өз өнерлерімізді көрсететін боламыз. Сендерге рақмет балалар.
Дерек көзі: https://erketai.kz/ustazdar-enbegi/til-tatulykh-tiregi/




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет