Сабақтың тақырыбы: Өз тіліңмен сөйлеу – елге деген құрмет Сабақтың мақсаты: а білімділік



бет1/5
Дата26.06.2023
өлшемі35,19 Kb.
#103462
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Өз тіліңмен сөйлеу - елге құрмет тәрбие сағаты


Сабақтың тақырыбы: Өз тіліңмен сөйлеу – елге деген құрмет
Сабақтың мақсаты:
А) білімділік: Оқушыларға тіл туралы заңның қабылданғанынан мағлұмат беру және ана тілінің қоғамдағы алатын орны туралы айтып жеткізу. Қазіргі қоғамдағы тіліміздің дәрежесін көтеру. Балаларды өз ана тілінде таза сөйлеуге, қадірлеп, қастерлеуге үйрету. Ана тілінің қадір-қасиетіне, болашағына қамқор болып, дамыту үшін өз үлестерін қосуы керек екендігін ұғындыру.
Ә) дамытушылық: Оқушыларды тілдік норманы сақтай отырып дұрыс, анық сөйлеуге, өз ойын толық жеткізуге дамыту. Логикалық ақыл-ой дәлдігін дамыту. Байланыстырып сөйлеу тілін дамыту. Ой-пікірін толық және нақты жеткізуге дағдыландыру. Тілдің көркемдігін, байлығын көрсету.
Б) тәрбиелік: Оқушыларды ана тілін құрметтеуге шақыру және ана тілімізде ойлауға тәрбиелеу.Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, мақал-мәтелдерді оқушы бойына сіңіре отырып, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. Ана тілді білу арқылы балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: Пікір-сайыс


Сабақтың өту әдісі: Сұрақ- жауап, мақалдың жалғасын табу, өз ойын айту.


Сабақтың көрнекілігі: Тіл туралы жазылған нақыл сөздер, мақал- мәтелдер, тақырыптық слайдтар мен бейнебаяндар, стикерлер.


Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру;
1.Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу;
2.Еліміздің әнұраны;
3.Мектеп оқушыларының анты;
4.Саяси хабарлама;РЕКЛА
5.Қорытынды.
Мұғалім:
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұлағатты ұстаздар мен оқушылар! Мемлекеттік тілген құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған «Өз тіліңмен сөйлеу – елге деген құрмет» атты сайыс сабағымызға қош келдіңіздер!
Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйенсек, Ата заң аясында бақ-берекетіміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі. Мерейін асыратын да, құтын қашыратын да өзіміз. Отбасы өзіміз де, тәрбие тілден басталады дейді. Тіл меңгеруде ата-ана мен білім ұяларының рөлі ерекше екенін, әр отбасы бесіктен бастап, балаға қазақ тілін үйретуді қолға алу басты мақсат. «Ана тілін білмеген, анасын да сыйламас» демекші өз ана тілін білмеген жаннан, анасын сыйлайтын жанның шығуы неғайбыл. Халық үшін өзге тілде сөйлеу қауіпті емес, өзге тілде ойлау қауіпті. Қазақ пен қазақтың, әке мен баланың, әріптестердің жұмыста қазақ тілінде сөйлеспеуі көңілге қонымсыз-ақ жайт. Бірақ қазақ тілі – тек қазақ халқының тілі емес, мемлекеттік тіл – ортақ тіліміз. Қазақстанда тұратын, оны отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін азаматтардың тілі. Ана тілі десек, халқымыздың қазіргісі мен болашағы көз алдымызға келмек. Яғни, ана тіліміз арқылы халық тағдыры, ұлт болашағы өлшенбек. Тіліміз арқылы ұлттық мүддеміз бен мүмкіншілігіміз айқындалмақ. Демек, Өз тіліңмен сөйлеу - ел тағдыры. Тілдің дамуы- елдің дамуы. Сонымен қатар, Өз тіліңмен сөйлеу – елге деген құрмет болып табылмақ!
Туған елімізді, туған жерімізді, Отанымызды, отбасымызды ана тілі арқылы қабылдасақ бізден асқан бақытты ұрпақ жоқ шығар сірә. Тілдің сойылын соғып, тіл үшін отқа түсіп жатқан аға-апаларымыз қаншама. Міне біз солардың ерен еңбектеріне аз ғана үлесімізді қоспақпыз. Сіздер жас ұрпақ ретінде ана тіліміздің одан әрі көркейтіп, дамуына ат салысуларың керек.
1995 жылы 30 – тамызда қабылданған жаңа Конституцияда қазақ тілі ҚР Мемлекетттік тілі болып бекітілді. Ал 1997 жылы 11-шілдеде «Тіл туралы» Заң қабылданып, оның 4- бабында «Қазақстан Республикасының тілі- қазақ тілі» екені жазылды.
Қазақ тілі біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз бүгін оқушыларымыздың Мемлекеттік тілді қаншалықты білетінін саралау мақсатында «Өз тіліңмен сөйлеу – елге деген құрмет» атты сайыс өткізгелі отырмыз.
Сайысқа екі топ қатысады. «Зерде» командасы, «Зерек» командасы. Сайыс бес кезеңнен тұрады. Әр команда өздерін ұпай санымен бағалайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет