Сабақтың тақырыбы: Өз тіліңмен сөйлеу – елге деген құрмет Сабақтың мақсаты: а білімділік



бет2/5
Дата26.06.2023
өлшемі35,19 Kb.
#103462
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Өз тіліңмен сөйлеу - елге құрмет тәрбие сағаты

«Тіл – ұл қазынасы» бұл кезеңде әр командадан 3 оқушыдан шығып, өлең шумақтарын айтады.

  • «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бұл кезеңде командалар өздеріне берілген тіл туралы мақал – мәтелдердің жалғасын тауып айтады.

  • «Кім білгір» кезеңі. Бұл кезең бойынша әр топқа 10 сұрақ қойылады.

  • «Өнерлінің өрісі кең» бұл кезеңде әр командалар «Қазақ тілі кеше, бүгін, ертең» тақырыбында алдын ала дайындап келген постерлерін қорғайды.


    Сабина

    1. Сақтар болсаң халқыңды – тілді сақта,

    Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа!
    Тілден өзге жиһаздың бәрін түгел,
    Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса.
    Әбу Сарсенбаев
    Бекзат

    1. Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

    Қайта тудым өмірге қайта келдім.
    Мен мың да бір тірілдім қайта өлмеске.
    Айта бергім келеді, айта бергім.
    Жұбан Молдағалиев

    Лаура

    1. Туған тілде сыры терең жаным бар,

    Туған тілде әнім менен сәнім бар.
    Туған тілім тіл болудан қалса егер,
    Жүрегімді суырып – ақ алыңдар.
    Дихан Әбілов
    Айя

    1. Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

    Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
    Өссе тілім мен де бірге өсемін,
    Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
    Әбділдә Тәжібаев
    Мадияр

    1. Ана – тілі – біздің туған анамыз,

    Анамыздай сыйлап бағып-қағып.
    Ана тілін бағаласақ қалай біз,
    Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
    Ана тілін кім аялай білмесе,
    « Анасынан безген ұл!» деп қараңыз.
    Мұсафар Әлімбаев
    Алия 

    1. Сүйемін туған тілім – анам тілін,

    Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.
    Шыр етіп жерге түскен минутымнан
    Құлағыма сіңірген таныс үнін.
    Сұлтанмахмұт Торайғыров
    Мұғалім:
    Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде қымбат не бар екен?! Қазақ әр жағдайға байланысты мақал тауып отырған. Ендеше, келесі кезеңімізге өтейік.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет