Күні: 01.04.2021ж
Сынып: 5 «Б»
Мектеп: М.Горький атындағы орта мектеп
Мұғалімнің аты-жөні: Ерболқызы Динара
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Пайыз
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
5.1.1.16. Пайыз ұғымымен таныстыру;
5.1.2.33 Бөлшекті пайызға және пайызды бөлшекке айналдыруды үйрету.
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар:
|
Пайыз белгісімен танысады, оны жаза алады. Бүтін бөліктің 100 пайыз болатынын , бір пайыздың –жүзден бір бөлік болатынын пайымдайды.
|
Оқушылардың басым бөлігі:
|
Берілген санның % -ын таба алады. Пайызды бөлшекпен және бөлшекті пайызбен жазып мысал келтіре алады.
|
Кейбір оқушылар:
|
Пайыздың өмірде қолданылуына мысалдар келтіре алады.Өз бетінше тапсырмалар құрастыра алады
|
Бағалау критерийлері
1.Оқушылар пайыз ұғымын анықтайды.
2.Берілген санның пайызын таба алады.
3.Берілген бөлшекті пайызбен және пайызды
бөлшекпен жаза алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пайыздың анықтамасын айта алады,пайыз бөлшекпен және бөлшек пайызбен қалай жазылатынын түсіндіре алады.
|
Құндылықтарға баулу
|
Жақсы қарым-қатынас орнату, жауапкершілігін арттыру,сын тұрғысынан ойлау
|
Пәнаралақ байланыс
|
Геометрия
|
Алдыңғы білім
|
Санның бөлігін , және бөлігі бойынша санды таба алады.
|
Сабақтың барысы
|
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың
Басы
3 мин
|
Оқушыларды түгелдеп, зейінін сабаққа аудару.
«Ыстық микрофон» жаттығуын орындату арқылы психологиялық жағымды ахуал орнату.
Өткен сабақты пысықтау сұрақтары
Жиын дегеніміз не?
Жиындардың бірігуі мен қиылысуы дегеніміз не?
Ондық бөлшек және жай бөлшек дегеніміз не?
Санды дөңгелектеу дегеніміз не?
|
Слайд
|
Сабақтың
ортасы
8мин
5мин
7мин
5мин
7мин
|
Жаңа сабақ
Ой қозғау «3 сұрақ» әдісі бойынша оқушыларға сұрақтар қоямын.
1 Не? Пайыз деген сөзді естігендерің бар ма?
2. Не үшін? Пайыз ұғымы не үшін қолданылады деп ойлайсыңдар?
3. Қайда? Күнделікті өмірде пайыз ұғымы қай жерде қолданылады? Оқушылар өз айналасындағы, күнделікті тұрмыста кездесіп жатқан пайызға байланысты мысалдарды атайды. Атап айтқанда, «күнделікті тұтынатын өнім құрамындағы қоспалардың пайызын, дүкендерде заттарға берілген пайыздық жеңілдіктерді, ұялы телефондағы қуаттың пайыздық көрсеткішін, қаржыға байланысты жеке кәсіпкерлік істерде көп қолданылуы» туралы және тағы басқа мысалдар келтіреді. Оқушылардың жауаптарын құптап, пайыз ұғымына бейнетаспа арқылы түсінік беремін.
Кез келген шаманың (санның ) жүзден бір бөлігін «бір пайыз» деп атау қабылданған.Мысалы 1 метрде қанша сантиметр бар? Сонда 1 см 1метрдің қанша қанша пайызын құрайды? 5 см ше?
1%= немесе 1%=0,01
5% оқылуы « бес пайыз»
1% шаманың бөлігіне тең болғандықтан ,толық шама 100% тең болады.
Пайызды бөлшекпен немесе натурал санмен жазу үшін,пайыз белгісі (%)алдындағы пайыз санын 100ге бөлу керек.
Мысалы,7%= ; 7%=0,07 балалар біз қазір қандай амал жасадық?
Енді осыған кері амалды қалай жасауға болады?
Бөлшекті немесе натурал санды пайызбен жазу үшін, оны 100ге көбейтіп,пайыз белгісін тіркеп жазу керек Мысалы,0,4=(0,4*100) %=40%, =(*100) %= 40%
1 – тапсырма
Бағалау критерийі:
-Пайызды бөлшек түрінде жазады
«Аукцион » жаттығуын орындатамын.
Пайыздарды ондық бөлшекпен жаз
2% =
47%=
25%=
35%=
Дескриптор :
Пайызды ондық бөлшекке айналдырады.
2 – тапсырма Ойлан тап. Кестені толтыру тапсырмасын орындатамын.
Жай бөлшек
|
Ондық бөлшек
|
Пайыз
|
|
0,15
|
|
|
|
73%
|
|
|
30%
|
|
|
|
|
0,06
|
|
Дескриптор: - пайызды ондық бөлшекке айналдырады,
-пайызды жәй бөлшекке айналдырады. Бағалау критерийі: -Бөлшекті пайызға айналдырады.
-Пайызды бөлшек түрінде жазады
Ой қозғау!
Қол алға ұстаймыз
Бір сан ойлаймыз , 4-ке көбейтеміз сол санды, 3 ке көбейтеміз, бастапқы санға бөлу, 5 ті қосамыз , 3 ті қосамыз , 5-ті қосамыз.
3 тапсырма
Құпия қоржын. Әр суреттің қанша пайызы боялғанын тап.
Дескриптор :
-суретті пайдаланып ,қанша пайызы боялғанын табады.
Алтын сандық
тапсырма Асан флэшкасының 25%-на өлең жазды. 8гигабайт флэшкада қанша бос орын қалғанын тап. Дескриптор: - пайызды ондық бөлшекке айналдырады,
-пайызды жәй бөлшекке айналдырады. Бағалау критерийі: -Бөлшекті пайызға айналдырады.
-Пайызды бөлшек түрінде жазады.
Оқулықпен жұмыс: 815, 816 ,есептерді шығару
|
Слайд
оқулық
Үлестірме қағаз
Стикер
|
Сабақтың соңы
5мин
|
Қорытынды жасаймын.Тақырыптың түйіні бір пайыз дегеніміз...
Пайызды жай бөлшек немесе ондық бөлшек түрінде жазу үшін...
Жай бөлшекті немесе ондық бөлшекті пайызбен жазу үшін...
Үйге тапсырма
-Келесі сабаққа жоспар құру үшін оқушылардан Екі жұлдыз, бір тілек әдісін қолданамын.
|
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
|
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
(Оқушылардың ой-пікірлерін тыңдау, қарым-қатынас мәдениеттілігін ұстануларына түрткі болу, тапқырлық танытуын мадақтау, оқушының ерекше іс-қимылына лайықты мадақтаулар айту, есептің шешімін табуда тығырыққа тірелген оқушыға қолдау көрсету...)
|
Бағалау критерийлері
Кері байланыс
|
геометрия
Интерактивті тақтаны тек уақытты үнемдеу үшін пайдаланамын.
Оқушылардың ойлау қабілетін, ой-өрісін дамыту.
Оқушыларды өз-бетінше ізденуге, бағалауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
|
Рефлексия
Сабақ оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен жоспарлаған саралау тиімді болды ма?
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен
|
|
Қорытынды бағамдау.
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
|