Сабақтың тақырыбы: Пайызы бойынша санды табу мәтінді есептерді шығару



бет3/5
Дата30.03.2023
өлшемі0,5 Mb.
#77794
түріСабақ
1   2   3   4   5
Қалыптастырушы бағалау:Бас бармақ
Дескриптор:оқушы
санның пайызын ,санды оның пайызы бойынша табу ережелерін біледі.
Пайыздың өмірде қолдануын айта алады.
ҚБ:Бас бармақ
Бүгінгі ағылшынша сөз аудармасы арқылы тақырыпқа шығу,оқушылар мақсат қояды.



Жүректер,шляпа,лента







Түсіну
Уақыты: 7 мин
Мақсаты: Пайызды өмірде қолдана алу,есеп құрастыру
(СТО),(ОЖЕСО)



Жұптық жұмыс. «Сатушы ойыны» рөлдік ойын. Киім,техника,үй заттары суреттері беріледі.Бір оқушы-сатушы,Екінші оқушы сатып алушы рөлінде
Сатушы дүкендегі заттарды арзандатып сатып жатыр.Сатып алушы 5 мың теңгеге барынша көп зат алу керек.
Бағалау критерийі:оқушы
Берілген санның пайызын есептейді
Пайызы бойынша санды анықтайды
Дескриптор:оқушы
санның пайызын табады
санды оның пайызы бойынша табады
ҚБ:Мақтау, «Ең үнемшіл», «үнемшіл», «үнемдеп үйренушілерді» анықтау
оқушыларды 3-топқа бөлу



Киім,техника,үй заттары суреттері

Қолдану
Уақыты: 8мин
мақсаты:
Астана,Павлодар қаласына қатысты мәліметтермен танысу, пайызға берілген есептің түрін ажырата білу
(АҚТ), (ОЖЕСО)

«Топтастыру» . «Топтық жұмыс» видео бөлігін көре отырып пайызға берілген есептің түрін ажыратып жазу.Әр топқа бірдей есептер таратылады, олар пайызға берілген есептің түрін анықтауы керек:1) Берілген санның пайызын табу. 2) Пайызы бойынша санды табу. 3) Екі санның пайыздық қатынасын табу. 
Тапсырма:Пайызға берілген есептердің қай түрін таңдаңыз.
1. 2016 жылғы санақ бойынша Астана қаласында 880 191 адам тұрады.Ал 2015 жылы 852985 адам тұрған 2016 жылы 2015 жылға қарағанда Астана халқы неше пайыз өсті?
2. Павлодар қаласының қалалық және ауылдық мекендерінде 334 мыңнан аса адам тұрады. Ұлттық құрамы бойынша қазақтар - 36,7%ды құраса қалада қанша қазақтар тұрады?
3 Павлодар қаласының автожолдарының жалпы ұзындығы 428,4 км ал трамвай маршруттарының жалпы ұзындығы 75,4 км болса,трамвай маршутының автожолдың жалпы ұзындығының неше пайызы?
4. Павлодар қаласының қалалық және ауылдық мекендерінде 334 мыңнан аса адам тұрады. Ұлттық құрамы бойынша орыстар - 47,2% құраса қалада қанша орыстар тұрады?
Павлодар қаласының қалалық және ауылдық мекендерінде 334 мыңнан аса адам тұрады. Ұлттық құрамы бойынша өзге ұлттар - 16,1% құраса қалада қанша өзге ұлт өкілдері тұрады
5. Қарқынды технологияларын қолдана отырып, бригада жоспарланғаннан 250 деталды артық орындады, солайша ол жоспарды 5%-ға артық орындады. Бригада қанша детал дайындады?
6. Астана аумағы 72,2 мың га ал «Алматы» ауданы оның 29 пайызын құрайды. «Алматы» ауданы неше га?
№7. Павлодар қаласының қалалық және ауылдық мекендерінде 334 мыңнан аса адам тұрады. Ұлттық құрамы бойынша өзге ұлттар - 16,1% құраса қалада қанша өзге ұлт өкілдері тұрады

8. Астана аумағы 72,2 мың га, ал «Сарыарқа» ауданы оның 27% - ын құрайды. «Сарыарқа» ауданы неше га?
9. Астана қаласында 5 жыл ішінде кепілді медициналық көмектің көлемі 1 821,2 млн-нан 4 176,6 млн-ға дейін өсті.Неше пайыз өсті?
10.. Астана қаласы тұрғыны 880 191 адам болса, ол 2030 жылға қарай 73% пға өссе, 2030 жылы неше адам болады?
Қалыптастырушы бағалау:Топтар жұмыстарымен алмасып «+, - ,!» әдісімен бағалау , Мақтау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет