Сабақтың тақырыбы: Педагогтің аты-жөні: Нұрмағамбетова Ғ. Б күні



бет1/64
Дата10.11.2022
өлшемі6,93 Mb.
#49045
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64

Қысқамерзімді жоспар
7-сабақ
Сабақтың тақырыбы:



Педагогтің аты-жөні:

Нұрмағамбетова Ғ.Б

Күні:

06.10.2022

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Эссенің басқа жазба жанрлардан айырмашылығы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

білімділік: эссе жазу шеберліктерін дамыту, білімдерін қағаз бетіне түсіре білу;
дамытушылық: жазу сауаттылықтарын арттыру;
тәрбиелік: тазалыққа, ибалылыққа, сауаттылыққа баулу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:



Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.




Жаңа сабаққа кіріспе



Эссе –шығарма жанрының бір түрі
Эссе шығармашылық еркіндікті көздейді. Кез келген тақырыптың еркін стильде жазылуы оның ең негізгі көркемдігі болып табылады. Эссе - автордың жеке басының ойы, сезімі, әлемге деген көзқарасы. Бұл шығарманың басты мақсаты.
Тақырып бойынша көлемі 250-300 сөзден тұратын эссе жазады. Оқушылар шимай парақты қолдана алады.
Эссенің композициясын мұқият ойластыру қажет.
Эссені анық және түсінікті етіп, сөйлеу тілі нормаларын сақтай отырып жазу қажет.
Эссе – ол тақырыпты түпкілікті және толық қамтуға есептелмеген нақты мәселе бойынша жеке көзқарасты білдіретін шағын көлемдегі, еркін композициялық прозалық шығарма. Эсседе ауқымды мәселелердің талдауы болмайды. Ол бір мәселе бойынша жаңа, субъективтік көзқарас болып табылады, ондай шығарма философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми-көпшілік немесе беллетристикалық сипатта болуы мүмкін.
Эссе құрылымы оған қойылатын мынадай талаптармен анықталады:
- эссе авторының ойлары проблема бойынша қысқа тезистер ретінде беріледі;
- ойлар дәлелді болуы тиіс, сондықтан тезистерден кейін дәйектер жазылады.
Дәйектер – қоғамдық өмірден алынған фактілер, оқиғалар, өмірлік жағдайлар мен өмірлік тәжірибелер, ғылыми дәлелдер, ғалымдардың пікірлеріне жүгіну және т.б. Әрбір тезиске екі дәйек келтіріледі, себебі бір дәйек келтіру көп жағдайларда жеткіліксіз, үш дәйек ықшамдыққа және көркемдікке бағытталған жанрда жазылған шығарманы «ауырлатуы» мүмкін.
Эссенің құрылымы (тезистер мен дәйектердің саны тақырыпқа, құрылған жоспарға, ойды дамыту логикасына байланысты болады):
- кіріспе;
- тезис, дәйектер;
- тезис, дәйектер;
- қорытынды.
Кіріспе және қорытынды бөлімдерде қарастырылып отырған проблемаға назар аударуы қажет (кіріспеде мәселе қойылады, қорытындыда автордың ойы нақтыланады). Эссе тіліне эмоционалдық, экспрессивтік, көркемдік тән екенін оқушылардың түсінулеруі аса маңызды. Сонымен қатар, эсседе сленгті, шаблонды фразаларды, сөздерді қысқартудан аулақ болу қажет. Эссені жазуда қолданылатын тіл жеңіл қабылданатындай болуы тиіс.

.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет