Процессорлық ұя. Процессорлық ұя немесе слот (сокет), орталық процессорды жүйелік тақшаға орналастыруға және өткізгіш топтың механикалық қосылуы үшін қызмет етеді.
Акумуляторлық батарея. Қолданушының барлық баптауы сақталатын BIOS Setup көмегі арқылы жасалған, CMOS жадының қоректенуiне негізделген батарея.
8088 үлгілі IBM XT компьютерінде жоғарғы және қосымша жадтардың сыйымдылығы 384 Кбайттан, ал негізгі және қосымша жад бөлімдері жедел есте сақтау құрылғысын құрайды.
Жүйелік тақшаны орнату Жаңа жүйелік тақшаны орнату қиын істің бірі. Дегенмен ең бастысы барлығын өз сатысымен техникалық ерекшеліктерін біліп, орнатуға болады.
Динамикалық тәсілдер-жоғарғы жадтың бір бөлігінде 64 Кбайттық не одан да үлкен бағдарлама бөліктерін кезегімен бір-бірлеп бірден орындап, орындау аяқталған соң осы үшін бөлінген орынды автоматты турде тазалап қою. Жадтың бірнеше түрі болады: жедел, тұрақты, сыртқы, кэш, CHOS(КМОП), регистрлік. Жадтың көлемі байтпен өлшенеді. Бір байт 8 биттен тұрады. Бит деп 0 мен 1 мәндерінің біреуін ғана қабылдай алатын ақпарат өлшемінің ең кіші бірлігін айтады.
Компьютердің жады-оның құрамына міндетті түрде енетін элементтердің бірі. Ол бірнеше түрге бөлінеді және бір-бірінен өлшеміне, ақпаратты сақтау мерзіміне және т.б параметрлеріне қарай ажыратылады.
Кэш – жад қойма сияқты, оған аралық деректер мен командалар келіп түседі. Көп мәліметтерді кэш – жадтан алу әрекеті процессордың мәліметтерді алуына жеңілдік келтіріп, оның жылдамдығын арттыруға жәрдемдеседі.
Кэш – жад компьютердің жалпы жұмыс өнімділігін арттыруға арналған. Кэш – жад екі деңгейлі. Біріншісі процессор ішінде, екіншісі процессордан сырт орналастырылады, көлемі 256 -512 кбайт шамасында.
Сабақтың соңы (15 минут)
Ең танымал жүйелік тақшалардың форм-факторларын атап беріңіз?
Жүйелік тақша дегеніміз не? Және қандай құрылғылар орналасады?
Жүйелік логика дегеніміз не?
Шиналардың негізгі неше түрі бар?
Компьютердің жады дегеніміз не?
Стандартты бағдарламаларды,өзгермейтін мәліметтерді және жүйелік ақпаратты энергиядан тәуелсіз сақтауға арналған жад қалай аталады?