Сабақтың тақырыбы: Процессорды жаңғырту. Жүйелік тақшаны таңдау Модуль/пән атауы



бет1/6
Дата24.01.2023
өлшемі43,58 Kb.
#62630
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6

Оқу сабағының жоспары №7

Білім беру ұйымының атауы:

14 колледж

Сабақтың тақырыбы:

Процессорды жаңғырту. Жүйелік тақшаны таңдау



Модуль/пән атауы:

КМ 03. ОН 3.4 Компьютерлік және перифериялық құрылғылардың жұмысын бақылауды, диагностикалауды және қалпына келтіруді жүзеге асыру

Педагог :

Тұрғанбекова Ақнұр Тұрғанбекқызы

Курс:

ІІ-ші курс

Топ:

СА-21-2







Мерзімі:










Сабақтың түрі:

Теориялық

Мақсаты, міндеттері:



Білімділік: Оқушыларға процессорды жаңғырту және жүйелік тақшаны таңдау туралы үйрету.
Дамытушылық: Еңбек қауiпсiздігi және еңбектi қорғау жөнiндегi нормалардың, epeжeлер мен нұсқаулықтардың талаптарын, сондай-ақ жұмыс берушінің өндірісте жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі талаптарын сақтауға.
Тәрбиелік: Өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға туралы, кәсіби аурудың белгілері туралы, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайлар туралы өзінің тікелей басшысына дереу хабарлауға.

Күтілетін нәтижелер және кәсіби дағдылар:

Қажетті ресурстар:



Интерактивті тақта, компьютер, тақырыпқа жасалған лекция, тапсырмалар

Сабақтың басы
(10 минут)

І. Ұйымдастыру кезеңі:
а) оқушылармен амандасу, түгендеу
б) сабаққа зейіндерін аудару
Өткен сабақты пысықтау (сұрақ-жауап)

Сабақтың ортасы
(60 минут)

Жүйелік тақшаны таңдау
Жүйелік тақша (system board) компьютердің маңызды құраушыларының бірі, кейде аналық (motherboard), негізгі немесе бас тақша (main board) деп те аталады. Бұл компьютердің ішкі байланысын және басқа да бөліктерін басқарады. Оның сапасына, функционалдығына және жылдам әрекетіне тікелей барлық жүйенің тұрақтылығы мен жылдамдығы тәуелді.
Онда келесі құрылғылар орналасады:
· процессор;
· шина;
· жедел жады;
· тұрақты жады;
· слоттар (қосымша құрылғыларды қосуға арналған ағытпалар).
Жүйелік логика (чипсет) – тақшаның негізгі құраушысы, ол оның жұмыс жасауына, сонымен қатар барлық компьютердің жұмыс жасауына жауап береді. Ол кішкене мөлшерге ие және әдетте бірнеше микросхемалардан тұрады. Ағытпалар
Олар шлейфтерді және қоректену баусымдарын қосу үшін қажет, мысалы, желдеткіштерді. Түрлеріне және қолдануларына байланысты олардың әртүрлі формалары болады. Жүйелік тақшада желдеткіштерге, IDE немесе SCSI және т.б. құрылғыларға, сонымен қатар жүйелік тақшаның қоректенуіне арналған ағытпалар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет