Сабақтың тақырыбы: Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет25/32
Дата03.05.2023
өлшемі0,57 Mb.
#89322
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32
Байланысты:
6 сынып кмж5

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
0 - 5 мин

Сәлемдесу «Мен саған сәттілік тілеймін, сәлеметсіз бе!»
(оқушылар бір-біріне қарама-қарсы тұрып, саусақтарын әр сөзге сәйкес біріктіре отырып амандасады)
Үй тапсырмасы «Ақиқат-жалған»әдісі арқылы тексеріледі:
Әр оқушыға қызыл және жасыл белгі беріледі, жалған деп санаса қызыл белгіні, дұрыс деп есептесе жасыл белгіні көрсетеді.
Ал тақтада екі мәтін есепті орындай береді.
«Ақиқат-жалған» сұрақтары:
Пропорция деп қосу белгісімен жалғасқан екі қатынасты айтады (-);
Пропорцияның шеткі мүшелерінің көбейтіндісі оның орта мүшелерінің көбейтіндісіне тең (+);
Барлық мүшелері нольге тең емес пропорцияның шеткі мүшелері мен орта мүшелерінің орнын ауыстыруға болмайды (-);
Пропорцияның көмегімен санның пайызын табу үшін:
Ізделінді санды әріппен белгілейді (мысалы, х әріпімен) (+);
Пайыз табылатын сан 50%-ды құрайтыны ескеріледі (-);
1%-ға сәйкес санды табу кезінде шығатын пропорция қарастырылады (+);
Шыққан пропорциядан х табылады (+).
Қателескен оқушының қатесі талданып дұрысталады.
Мәтін есептері:
Саяхатшылар түске дейін 56 км қашықтыққа барды. Бұл жүруге тиісті межелеген қашықтықтың 6%-індей. Саяхатшылар неше километр қашықтықты жүруді межелеген еді?
Мектепте домбыра үйірмесіне 30 оқушы қатысады. Олардың 12-і бастауыш сынып оқушылары. Мектептегі домбыра үйірмесіне қатысатын оқушылардың неше проценті бастауыш сынып оқушыларын құрайды?
Дескриптор: білім алушы
- ізделінді санды х деп белгілейді;
- пропорцияны дұрыс құрады;
- дұрыс жауабын жазады.
Бағалануы: барлық дескрипторға сай орындалса жасыл, қатесі болса қызыл белгімен бағаланады, қателері талданып отырады.

Шаттық шебері


Сұрақтарға жауап береді.

Оқушылар ауызша жауап береді.


Оқушылар тақтаға назарларын аудару арқылы және мұғаліммен ақылдаса отырып, білімдерін толықтырады, дәптерлеріне түсіреді



Қол шапалақтау арқылы егер дұрыс жауап берсе шапалақтайды.



6-сынып оқулығы.





Сабақтың ортасы
20 минут


1 – қадам. «Білу» 5мин
Анықтаңдар:
1) Масштаб деген не?
2) Егер дененің нақты өлшемі сызбада 100 есеге кемісе, сызбаның масштабы неге тең?
3) Мына масштабтардың қайсысында сызбадағы өлшем нақты өлшемнен үлкен, қайсысы кіші?
а) 1:20 ә) 100:1 б)1:20000 в) 75:1
4. Масштабы: а) 1:100000 ә) 1:50000 б) 1:25000
Картада жер бетіндегі 1 км қашықтық неше см кесіндемен кескінделеді?
2 - қадам: «Түсіну». Диалогтық оқыту:
5 мин
Әр оқушыға үлестірме парақтар беріліп, оқушылар осыған сәйкес тапсырмаларды орындайды және әркім өз жауаптарымен алмасып бір-бірін тексереді.
Бос орынға қажет сөзді жаз:
1.Неліктен кішкентай бөлшектерді сызбаға үлкейтіп түсіреді?
2. Неліктен 1: 100000 масштабты картадағы 1 см кесіндіге жер бетінің 1 км – і сәйкес келеді?
3. 210 километрге тең болатын екі қаланың арақашықтығы 10 сантиметрмен берілген. Картаның масштабы қандай?
3 – қадам: «Талдау». Сыни ойлауын дамыту:
3 мин
Салыстырыңдар:
а) 1: 50 масштабы
ә) 50 : 1 масштабы
а) сызбадағы өлшем нақты өлшемнен кіші
ә) сызбадағы өлшем нақты өлшемнен үлкен
4 – қадам: «Жинақтау» 7 мин
Сыни ойлауын дамыту:
Оларға масштабы 1: 2 500 000 болатын Қазақстанның географиялық картасынан
1 топқа: Астана мен Орал,
2 топқа: Ақтау мен Орал,
3 топқа: Атырау мен Орал,
4 топқа:Атырау мен Ақтөбе
арасындағы арақашықтықты сызғышпен өлшей отыра, жер бетіндегі арақашықтығын табу.
5 – қадам: «Қолдану» Дарындылық, жас ерекшеліктеріне сай деңгейлік тапсырмалар
15 мин
№ 184 (А деңгейі)
Үлкен Алматы каналының ұзындығы 170 км, оның картадағы ұзындығы 17 мм. Картаның масштабын табыңыздар.
№ 190 (В деңгейі)
Масштабы 1: 60 000 000 картада Алматы мен Астана қосатын кесіндінің ұзындығы 17 мм. Қалалардың жер бетіндегі арақашықтығын
табыңдар.
№192 (1) (С деңгейі)
Екі елді мекен арасын мотоциклші 40 км/сағ жылдамдықпен 1 сағ 24 мин жүреді. Осы екі елді мекеннің картадағы арақашықтығы 7 см болса, картаның масштабын табыңдар

Оқушылар өз ойларын ұсына отырып, анықтамаларды талдайды, түсіндіреді немесе өзгелердің жауаптарын дәйектейді. Мысалдар сызбада барлық өлшемдері бірдей есе кемігенде ғана дененің өзі мен оның сызбасы ұқсас болатын шартын қорытып шығарады.

Оқушылар өз ойларын ұсына отырып, анықтамаларды талдайды, түсіндіреді немесе өзгелердің жауаптарын дәйектейді.


Оқушылар берілген пайыздарды жай бөлшек түрінде жазып, кестені толтырады


Барлық оқушыларға тапсырма оқулықпен жұмыс.











Сабақтың соңы
5 мин

Үйге тапсырма: Масштабқа берілген есептерді шешу. Өздері есеп құрастырып келу.
Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз. (3 минут)
«Сөйлемді жалғастыр» (дәптерге жазады).

  1. Бүгінгі сабақта... білдім

  2. … үйрендім

  3. … қиындықтар туындады

  4. … әлі де жұмыстануым керек

  5. … маған қызық болды?

Оқушылар өзіндік жұмыстарды орындау.






Оқулық, дәптерлер.



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақта жалпы сыныппен, жұптық жұмыста бірлесе отырып талдайды, түсінбеген есептерін бір-біріне түсіндіреді. Өз беттік жұмыстарды шығара отырып өз білімдерін шыңдайды.

Сабақтың әр бөлімінде оқушылардың жасаған жұмыстарына мадақтау сөздер айту. Жалпы сыныптық, жұптық, өз беттік жұмыста тапсырманы орындауда өзара бағалау жүзеге асады.

Сергіту сәті




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет