Сабақтың тақырыбы: Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты


С. Мотоциклші өзен үстіндегі көпірден 10 м/с жылдамдықпен 54 секундта өтеді. Мотоциклші осы көпірден 12 м/с жылдамдықпен неше секундта өтеді? Шешуі



бет11/32
Дата03.05.2023
өлшемі0,57 Mb.
#89322
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
С. Мотоциклші өзен үстіндегі көпірден 10 м/с жылдамдықпен 54 секундта өтеді. Мотоциклші осы көпірден 12 м/с жылдамдықпен неше секундта өтеді?
Шешуі:х- мотоциклшінің көпірден 12 м/с жылдамдықпен өту уақыты
есептің берілуі бойынша қысқаша шарты:
10 м/с ------- 54 с
12 м/с ------ хс
Есептің шарты бойынша кері пропорционал шамаларды пайдаланып, құрылған пропорция Жауабы: 45 с.
Бағалау критерийі

кері пропорционалдықты есептер шығаруға қолдана алады.
Дескриптор
-есептің шартын құрады;
-тура пропорционалдықты табады;
-кері пропорционалдықты табады;
-коэффициенттерін табады;
-есептің шешімін жазады.
Әрбір дұрыс жауапқа жұлдызша беру арқылы бағалаймын. Оқушыларды қолдау үшін.
"Жеке жұмыс" Есептер шығару.
Саралаудың «Тапсырма» тәсілінен оқушылардың қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
1 - Тапсырма. Саяхатшылар катермен А пункті мен В пунктіне өзен ағысымен жүзіп барды, ал қайтарда А пунктіне теплоходпен келді. Өзен ағысының жылдамдығы 2 км/сағ . Теплоходтың меншікті жылдамдығы 26 км/сағ. Катердің меншікті жылдамдығының теплоходтың меншікті жылдамдығына қатынасы 8:13 қатынасындай. Саяхатшылар А пунктінен В пунктіне катермен 3,6 сағатта барса, қайтарда теплоходпен А пунктіне неше сағатта келеді? Жауабы: 2,7 сағ.
2 - Тапсырма. Әрбір көршілес екі ағаштың арасы бір-бірінен 4 м қашықтықта болатындай 6 ағаш қатар орналасқан. Ең шеткі бірінші ағаштан 3 м қашықтықта екінші ағашпен аралықта құдық бар. Құдықтан алған 1 шелек сумен қатар екі ағаш суарылды. Барлық ағашты суарып, құдыққа қайта келгенде неше метр жол жүріледі? Жауабы: 60 м.
Бағалау критерийі

  • - тура және кері пропорционалдық тәуелділігін және коэффициенттін ажыратады;

  • тура пропорционалдықты есептер шығаруға қолданады;

кері пропорционалдықты есептер шығаруға қолдана алады.
Дескриптор
-есептің шартын құрады;
-тура пропорционалдықты табады;
-кері пропорционалдықты табады;
-есептің шешімін табады.
Смайлик арқылы бағалаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет