Сабақтың ортасы
8 минут
|
Пропорция.
8,4 және 12 қатынастары тең қатынастар. 8,4 =4 және 12 =4
2,1 3 2,1 3
Сондықтан:
8,4 =12 қатынастары тең қатынастар. 8,4 : 2,1 және 12: 3
2,1 3
Мұндай теңсіздіктер пропорциялар деп аталады.
Екі қатынастың теңдігі пропорция деп аталады.
Пропорция әріптер арқылы мына түре жазылады:
а = с
в d
а : в = с : d
а : в = с : d пропорциясындағы а-ны және d-ны пропорцияның шеткі мүшелері деп,
в- ны және с-ны ортаңғы мүшелері деп атайды.
ІІ. Пропорцияның негізгі қасиеті.
Пропорцияның шеткі мүшелерінің көбейтіндісі ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне тең.
а х d = в х с
Пропорцияның негізгі қасиеті орындалатын теңдік пропорция болады, ал бұл қасиет орындалмайтын теңдік пропорция бола алмайды.
1-мысал
5 = х пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесін табайық.
3,2 12,8
Шешуі:
3,2 х= 5 х 12,8
3,2 х= 64
х= 64:3,2
х=20
Пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесі оның шеткі мүшелерінің көбейтіндісін белгілі ортаңғы мүшесіне бөлгенге тең.
Пропорцияның белгісіз шеткі мүшесі оның ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісін белгілі шеткі мүшесіне бөлгенге тең.
Есеп. Тұсқағаздың 3 орамының ұзындығы 45 м. Осындай тұсқағаздың
6 орамының ұзындығы неше метр?
Шешуі:
Х-тұсқағаздың 6 орамының ұзындығы.
Шарты:
3 орам-------- 45 м.
6 орам -------- х м.
Онда 6 = х
45
х = 6 х 45 = 90 (м)
Бірнеше мысалдар түсіндіріледі
мысал. Пропорцияның белгісіз мүшесін табыңдар:
х:20 ═ 2:5
Ол үшін пропорцияның шеткі мүшелері және ортанғы мүшелерін көбейтеміз
х:20 ═ 2:5
х*5 ═2*20
5х ═40
х ═ 40/5
х═8
|