3.Білімді жан-жақты тексеру. Бұрынғы өтілген материалды қайталау.
4.Оқушыларды жаңа сабақты саналы,белсенді түрде қабылдауға даярлау кезеңі. А)жаңа сабаққа назарын аударту.
Ә)жаңа сабақтың тақырбын мақсатын, міндетін хабарлау.
5.Жаңа сабақ.Тақырыпты сұрақ –жауап түрінде түсіндіріп өту.
Психика мен сананың дамуы.
Жоспар:
Психикаға қысқаша шолу жасау.
Психика мен сананың байланысы.
Жануарлар мен адам психикасындағы айырмашылықтар.
Жоғарғы жүйке қызметі - психиканың физиологиялық негізі. Психика - жүйке жүйесінің қасиеті болғандықтан, психикалық қасиетті түсіну үшін адам мен жануарлардың психикасының материалдық негізі болып табылатын жоғарғы жүйке қызметінің ерекшеліктерін білу керек.
Жүйке жүйесі орталық және перифериялық жүйке жүйесі болып екіге
бөлінеді. Орталың жүйке жүйесі - бүл ми (бас миы жэне омыртқа жүлыны).
Перифериялық жүйке жүйесі - жүйкелер, яғни талшық шоқтары. Осы
жүйкелер бас миы мен омыртқа жүлынынан адамның барлық денесіне
тарап жатады.
1-сурет. Жүйке жүйесінің құрылысы: 1. Бас миы. 2. Омыртқа жұлыны.
3. Жүйкелер.
Ми да, жүйкелер де, нейрондардан яғни бірімен - бірі жалғасып жататын жүйке жасушаларынан құралады. Мидың бірнеше бөліктері болады. Омыртқадағы жұлын қарапайым қозғалысты реттейді.
Жануарлардың миына қарағанда адам миының құрылысы күрделі болып келеді. Адамның миының аумағы да үлкен. Маймылдардың миының орта салмағы 400- 500 грамм болса, ал адам миының орта салмағы 1400 грамм. Ағзаның өмір сүруінде ми қызметі үлкен роль атқарады. Сонымен қатар организм тіршілігінде ми сыңарлары қыртысының маңызы зор. Адамда ол
орта есеппен алғанда 14-15 миллиард нейроннан тұрады. Ми қыртысының маңдай жазығы неғүрлым маңызды роль атқарады.
Жануар неғұрлым дамыған болса, оның ми қыртысының маңдай жағының үлесі соғұрлым көбірек болады.
Жеке адамның психикалық өмірінде мидың көлемі мен салмағының бірсыпыра маңызы бола тұрса да, ми құрылымының ерекше маңызы бар. Сондықтан мидың салмағына қарай, адамның ақылы туралы кесіп-пішіп айтуға болмайды. Мәселен, Тургеневтің миының салмағы 2120 грамм, Павловтың миы 1653 грамм, ал кейбіреуінде кем, Анатоль Франстам миының салмағы небәрі 1170 грамм. Ми сыңарларынан айырылған ит толық мүгедек болады.
Жүйке жүйесі ағзаның сыртқы ортамен байланысын жүзеге асырып отырады, айналадан келетін тітіркендіргіштерге жауап қайырады.
Жүйке жүйесі нейрон деп аталатын жеке жасушалардан құрылған. Бұл нейройдардың әрқайсысының екі түрлі тармағы болады. Олардың бірі -ұзын тармақты нейрит (немесе аксон), ал екіншісі - көптеген қысқа тармақты дендрит деп аталынады. Нейрондардың тарамдала келіп, өзара түйінделіп бітетін жерін жүйке орталықтары дейді. Бүлар орталық перифериялық (шеткі) жэне вегетативтік (ішкі) жүйке жүйелерінің өн бойында орналасқан.
Жануарлар мен адамдардың психикалық әрекетінің материалдық негізі болып табылатын мидың және оның бөліктерінің құрылысы тәжірибелік зерттеулер арқылы ғылымда жан-жақты, толық дәлелденген.
Орталық жүйке жүйесінің бөліктерінің орналасуы көп қатарлы үйдің құрылысына ұқсас, яғни олар бірінің үстіне бірі орналаса біткен. Осы бөліктердің жоғарғысы төмендегісінен құрылысы жөнінде, атқаратын қызметі жөнінде де күрделірек болып келеді. Орталық жүйке жүйесінің төменгі бөлімі -жұлын (жуандығы 1 см-дей) омыртқа қуысының ішіне орналасқан, оның ұзындығы ересек адамдарда орта есеппен 45 см-ге дейін жетеді. Жұлынның ішкі жағында сұр зат орналасқан, сұр зат нейрондардың ұзын бұтақтарынан тұратын ақ затпен қоршалған.
Жұлыннан жан-жаққа 31 жүп нерв талшықтары тарайды, олардың бір
тобы ортаға тебетін, екінші бір тобы шетке тебетін жүйке деп аталады.
Жұлын біздің саналы әрекетіміздің орталығы емес, ал қарапайым қозғалыстарымыздың (аяқ-қолды бүгу, керіп-созу т.б.) жүмысын басқаратын орталық болып табылады. Мәселен, жаңа дүниеге келген нәресте емуге әрекеттенеді, аузына сүт барғанда, ол сілекей бөледі. Мұның бәрі жұлынның шартсыз рефлекстері, олар ағзаға туысынан тән болады.
Орталық жүйке жүйесінің екінші бөлігі - ми. Оның орташа салмағы ересек адамдарда 1400 грамм. Мұндағы сопақша, ортаңғы және аралық ми, бәрі қосылып - ми бағанасын құрайды. Ми бағанасы әсіресе, омыртқалы жануарлардың өмірінде ерекше роль атқарады.
Сопақша ми - жұлынның тікелей жалғасы. Мұнда жүрек қызметінің, қан айналысы мен ас қорытудың жүйке орталықтары бар. Біздің дем алу, түшкіру, шайнау, жүту сияқты түрлі реакцияларымыз - сопақша мидың қызметі.
Сопақша мидың сырт жағында, формасы ағаштың жапырағына әқсас мишық орналасқан. Мишық ағзаның қозғалысын, оның бірқалыпты жүріс-тұрысын басқарып отырады, ол шартсыз рефлекстік сипаттағы қозғалыстардың үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Бұлардан жоғары орналасқан орта мида құлақ пен көзден баратын тітіркендіргіштерді, скелет еттерінің қалпын реттейтін жүйке орталықтары бар.
Аралық ми көру төмпешіктерінен жэне төмпешік асты аймағынан тұрады. Мидың осы бөлігін тор тәріздес құрылым деп те атайды. Бұл бөлім дененің барлық рецепторларын ми қабығымен байланыстырады, ал мұндағы көру төмпешігі-афференттік талшықтардың жиынтығы болады.