Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру: – Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Р» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.
«Р р» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.
«Р р» әрпін көркем жазып үйренесіңдер. (МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы. 1. Сурет мазмұны бойынша әңгіме құрау.
а) Сұрақ қою және оқушылар жауабының дұрыс және толық болуын қадағалау:
Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.
Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: Бұл – робот. Робот адаммен сөйлесе алады. Ол үйді күзетеді. Дүкенде сауда жасай алады.
Әңгіме құрамындағы сөйлемдер санын анықтайды.
«Бұл – робот» сөйлемінде неше сөз бар екенін анықтайды.
Өтілетін жаңа дыбысы бар
«робот» сөзіне дыбыстық талдау жасайды. Сөзде екі дауысты
Қолдау
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
Суреттер, оқулық Сызба
64
Мынау не?
– Бұл – робот.
Робот не істейді?
– Робот адаммен сөйлесе алады. Ол үйді күзетеді.
Дүкенде сауда жасай алады.
ә) Сұраққа жауап болған сөйлемдерден әңгіме құрау: Бұл – робот. Робот адаммен сөйлесе алады. Ол үйді күзетеді. Дүкенде сауда жасай алады.
Әңгіменің неше сөйлемнен тұратынын анықтату.
Қажетті сөйлемді (Бұл – робот) бөліп алып, оны сөздерге (бұл, робот) ажырату. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.
Өтілетін жаңа дыбысы бар «робот» сөзін бөліп алып, дыбыстық талдау жасау. Сөздің екі буынды екендігін және сөздегі жаңа дыбыстың орнын анықтау.
«Р» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.
«Р» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.
Түймелерден «р» әрпінің сұлбасын жасау.
«Дыбысты естиміз, әріпті көреміз және жазамыз» қорытынды пікірін тәжірибе жүзінде меңгеру.