Жаңа сабақпен танысу.
Балалар, сендер рационал сандарды көбейту ережесін білесіңдер, олай болса бөлуге есептер шығарып көрелік:
Топтық жұмыс:
"Болжау" әдісі.(Топтық жұмыс-Оқулықпен жұмыс)
1-топ. №610(1) 2-топ. №610(2)
-6,3:(-0,9)=7 2,4:(-0,8)=-3
-5,4:(-3)=1,8 -15,5:5=-3,1
-270:(-5)=54 9: (-5)=-1,8
-5·0=0 0·5=0
3-топ. №612(1,2,3)
1) 56:(-7)+3=-8+3=-5
2) -8·(-5)+75:(-15)=40+(-5)=35
3)(12-28):(-4)·5=-16:(-4)·5=4·5=20
0:(-4) Санды нөлге бөлуге болмайды!
Осы шығарылған есептерден кім ереже қорытып шығара алады?(ой бөлісу)
Таңбалары әр түрлі сандарды бөлу үшін:
1)бөлінгіштің модулін бөлгіштің модуліне бөлу керек;
2)шыққан бөліндінің алдына "-" таңбасын қою керек.
Теріс санды теріс санға бөлу үшін, бөлінгіштің модулін бөлгіштің модуліне бөлу керек.
(-):(+)=(-)
|
(-):(-)=(+)
|
(+):(-)=(-)
|
(+):(+)=(+)
|
Дескриптор:
-Теріс санды оң санға бөле алады;
-Оң санды теріс санға бөле алады;
-Теріс санды теріс санға бөле алады;
-Рационал сандарды 0-ге болмайтындығы туралы ережені тұжырымдай алады.
ҚБ:"Екі жұлдыз бір тілек" әдісі арқылы топты бағалау.
2) "Бір қалам, бір қағаз" әдісі. Жеке жұмыс
(Оқушылар топта дәптерге жеке орындайды)
№626.Асхат ойлаған санын -7-ге көбейтіп, нәтижесіне 15,7 санын қосқанда қосынды -11,6-ға тең болды.Асхат қандай сан ойлады?
Шешуі: х-Асхаттың ойлаған саны;
х·(-7)+15,7=-11,6
х· (-7)=-11,6-15,7
х· (-7)=-27,3
х=-27,3:(-7)
х=3,9
Жауабы:Асхаттың ойлаған саны 3,9.
Дескриптор:
-есептің шартын оқып, теңдеу құрады;
-рационал сандарға амалдар орындайды;
-теңдеуді шешіп,түбірін табады.
ҚБ: "Цуперман таяқшасы" әдісі арқылы сағат тілімен көршісін бағалайды.
(Бәрі дұрыс болса, таяқшаны дәптердің қызыл жиегінің жоғарғы жағына қояды; аздаған қате болса, таяқшаны ортасына қояды; қатесі көп болса, таяқшаны төменге қояды).
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы беріледі.(ҚБ тапсырмалар жинағы жоба).
6.1.2.16 рационал сандарды бөлуді орындау
Бағалау критерийі: Білім алушы
Рационал сандарды бөлуге берілген өрнектің мәнін табады
Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі
Тапсырма:
Амалдарды орындаңыз:
-32,2:0,23=-14
б)=·(-)=-3
с) -2:(-1)2=-·=-1
д) -(1)2:(-)=-·(-)=2
е) (-2,4-6,1):+(1-2):1=-8,5·+(-)·10--10
Дескриптор: Білім алушы
-амалдардың орындалу ретін анықтайды;
-таңбалары бірдей рационал сандарды бөледі;
-таңбалары әр түрлі рационал сандарды бөледі;
-өрнектердің мәнін табады.
ҚБ:
Мұғалім бағалауы "Меннен саған бір жұлдыз" әдісі.
Егер оқушының жұмысының бәрі дұрыс болса, мұғалім бір жұлдыз сыйлайды; тексеріп үлгермесе, жұмыстарын алып кетіп бағалауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |