Үй тапсырмасына байланысты есептің жауаптарын табу арқылы топқа бөлінеді.
Жасыл түсті жалауша-Оң сан. Қызыл түсті жалауша-Теріс сан. Сары түсті жалауша-0(нөл) саны.
1. -5·0,3=-1,5 7. -7·0=0
2. 8,1·0=0 8. -6·(-0,8)=4,8
3. 2,7·(-1)=-2,7 9. (-1,6)·(-5)=8
4. -1,5·(-3)=4,5 10. 0·9,78=0
5. 3·(-2,5)=-7,5 11. (-12)·(-5)=60
6. -6·0,8=-4,8 12. -0,71·0=0
Белсенді оқу әдісі "Конверттегі сұрақ"
Өткен сабақты бекіту мақсатында өткен сабақ бойынша сұрақтар жазылып, конвертке салынады.Оқушылар конверттегі сұрақтарға жауап береді.
1. Таңбалары әр түрлі сандарды көбейту үшін.......................
2.Санды 0-ге көбейткенде ........
3.Екі теріс санды көбейткенде ................
4.Көбейтіндісі 1-ге тең болатын екі санды .......... сандар деп атайды.
5.Бөлшекті бөлшекке көбейту үшін..........
6.Натурал санды бөлшекке бөлу немесе бөлшекті натурал санға бөлу үшін.........
7.Теріс санды 0-ге көбейткенде....
8. Рационал сандарды қосу үшін...
9. Рационал сандарды азайту үшін...
10.Оң санды 0-ге көбейткенде...
Қалыптастырушы бағалау: "Үш шапалақ" әдісі арқылы оқушылар жауаптарына қарай бірін-бірі бағалайды.Егер жауап толық болмаса шапалақ саны азаяды.
"Миға шабуыл"
Оқушылар қане, енді біздер мына ребусты шешіп көрелік:
Достарыңызбен бөлісу: |