Өткен тақырыпты қайталау
Атом дегеніміз не?
Атом моделін салыңыздар?
Атомды өзгертуге болады ма?
Егерде өзгертсек қандай құбылысты байқар едіңіздер?
Кері байланыс беріліп, оқушылар бір – бірін толықтырады.
Мен кіммін ойыны. Атом құрылысын және химиялық элементтер таңбасын мини тақташаларды пайдаланумен жылдам қайталау.
1.Радиоактивтілік деген не?
2.Радиоактивті сәулеленудің қандай түрлерін білесіңдер?
3.Тұрақты және тұрақсыз изотоптар деген не?
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу 33 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Талдау нәтижесін кестеге толтыру (дәптерге жазу)
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
Радиоактивтіліктің табиғатын және радиоактивті изотоптарды қолдануын анықтайды
|
Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру.
|
|
Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
|