Сабақтың тақырыбы: Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев
Мұғалімнің аты-жөні: Бекесова Г.Б
Күні: 17.04.2023 ж
СЫНЫП: 7 «Ә»
Қатысқан оқушылар саны:
Қатыспаған оқушылар саны:
Сабақ негізделген оқу мақсаттары
7.2.3.1. Хроника, хабар, очерктердің және кеңсе құжаттарының, қызметтік жазбалардың құрылымы мен рәсімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату
Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады:мәтіннің мазмұнын түсінеді, жоспар құрады.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: нүктенің қойылу орнын анықтап, сөйлемді аяқтайды.
Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: нүктенің қойылу орнын анықтап, мәтін құрай алады.
Ресурстар
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдер
Сөздік, көрнекілік, «сиқырлы қоржын», «үздік эссе», «1 минут эфирде», «нысана» әдісі.
Пәнаралық байланыс
Қазақ әдебиеті
Алдыңғы оқу
Тажалдан тайсалмаған өжет ұл
Сабақтың жоспары
Жоспарланғануақыт
Сабақ барысы
Оқушының қызметі
Бағалау түрлері
Сабақтың басы
10 минут
Мұғалім оқушылармен амандасып, сыныпты түгендейді. Оқушыларды «Сиқырлы қоржын»әдісі арқылы қағазда берілген тыныс белгілері арқылы үш топқа бөлінеді.
«Үздік эссе» әдісі арқылы әр топ өз ішінде үздік деп тапқан оқушыға оқытады.
Қызығушылығын ояту мақсатында оқушыларға өлең жолдары беріледі.
Мен нүктемін, нүктемін,
Сөйлем соңын күткенмін.
Жағаласып тұрмаймын,
Ойы толық тыңдаймын.
Сауаты бар әр адам,
Шығармайды санадан.
Ой біткенше бағамын,
Сосын орын табамын.
Жан-жағыңа алақтап,
Кітаптарды парақтап,
Қазір оқып шық, мейлі,
Менсіз ойыңң бітпейді.
Өз ойларын білдірген оқушылар смайлик арқылы бағаланады.
Мұғаліммен амандасып, тыныс белгілері арқылы нүкте, леп белгісі, сұрақ белгісі деген үш топқа бөлінеді.
«Үздік эссе» әдісі арқылы әр топтап бір немесе екі оқушы оқиды.
Берілген өлең жолдары арқылы жаңа тақырып туралы өз ойларын білдірді.
«Сиқырлы қоржын» әдісі
смайлик арқылы
Сабақтың ортасы
20 минут
Мағынаны тану. Нүкте қойылатын орындар.
Нүкте (.) - жазуда пайдалынатын тынысбелгілерінің бірі. Нүкте белгілі бір ойдың аяқталуына байланысты қойылады.
Нүкте
1) хабарлы сөйлемдерден кейін. Мұндай сөйлемдер құрамына қарай жай, құрмалас сөйлем, сондай-ақ толымды, толымсыз, жақты, жақсыз сөйлемдер болып келеді (Жирен мұртты, аласа ақ сары жігіт басын көтерді. Ғ. М.).Қуанышты жасыруға болмайды (С. Е.);
2) басқы әріптерінен қысқарған кісі, газет-журнал аттарынан кейін.(Әуезов - қазақ халқының данышпан жазушысы. Ғ. М.). Қазақ тілі - мемлекеттік тіл ("С. Қ.");
3) драмалық шығармаларда әрбір кейіпкердің есімінен кейін.(Жомарт. Жақаң кем өлшеп, қанағат қылады (Ғ. Мүст.)
4) сандар арқылы таңбаланатын реттік нөмірлерден соң. (Грамматика екі саладан тұрады: 1. Морфология. 2. Синтаксис.);
5) тағысын тағы, тағы сондайлар, тағы басқа сөздерін қысқартқанда.(Қазақстанда мынадай ұлттар тұрады: қазақ, орыс, украин, неміс, татар, ұйғыр т. б.);
6) екпінсіз айтылған бұйрық, тілек мәнді сөйлемдерден кейін.(Ренжімесең, осы айтқанымды орындашы. Ғ. Мүст.);
7) атаулы сөйлемдерден кейін.(Түн. Жарқыраған жұлдыз бен тыныштыққа бөленген дала адамды өзіне еріксіз баулап алғандай. A. Т.);
8) кейіпкер атынан соң автордың түсіндірме сөзі келсе, ол жақша ішіне алынып, соңынан нүкте қойылады.(Аманкелді (атып тұрып). Кешігіп қалыпсыз мырза! Ғ. М.)
«1 минут» эфирде әдісі арқылы сұралады.
Әр топ ҚБ арналған мөр арқылы бағаланады.